Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат


Тогата комедиясы. Әдеби ателлана. Мим



бет34/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   108
Тогата комедиясы. Әдеби ателлана. Мим
Римде комедияны тогата деп атаған. Оның қатысушы кейіпкерлері тога киіп қатысқан (рим ер азаматтарының сыртқы киімі). Жаңа комедияның пайда болуы Римдегі қоғамдық-саяси өмірмен байланысты болды.
Тогата комедиясының көшбасшысы Гней Невий, бірақ бұл комедияның гүлденуі Титиния, Афрания және Атта сияқты драматургтердің шығармашылығынан көрінді. Бұлар б.д.д. II және I ғасырдың басында жазды. Олардың шығармаларынан біздің дәуірімізге дейін 600-ге жуық өлең жолдары ғана жетті.
Тогата комедиясының қатысушы кейіпкерлері: ауыл мен қаланың «кішкентай адамдары», яғни шаруалар, әртүрлі мамандықтагы қолөнершілер, ұсақ сауда иелері. Тогата комедиясы палиатты еске түсірді. Тогота комедиясының маскалары мен түрлеріне өзгерістер енді. Мысалы: паллиат құлдары - Тогата комедиясына кірмеді. құл өз қожайынынан ақылды болуы мүмкін емес. Әйел кейіпкерлер өзгерді: гетералар мен құлдардың орнына ерікті азаматтар- әйелдер, аналар, қыздар, өгей шешелер алынды.
Тогата оқиғасы шағын Италия қаласында, көшеде, қоленершілердің дүкенінде өтті. Кейіпкерлер латын атымен немесе өздері немен айналысса сол бойынша аталды. Тогата авторлары ірі әлеуметтік және саяси сұрақтарды көтере алмады.
Ұлттық комедия жасаушылар тогатаға соққан жоқ, Б.д.д. I ғасырдың басында Помпоний мен Новий ежелгі ателланға әдеби өңдеу жасады. Сөйтіп халық шығармашылығынан әдеби ателлана пайда болды. Помпоний мен Новий екеуі де Римде өте атақты болды. Бірақ олардың жазған шығармалары бізге жеткен жоқ.
Әдеби ателлана төмен топтағы қарапайым адамдардың өмірін бейнеледі.
Әдеби ателланаға халық қиялынан туған түрлі құбыжықтар қатысты. Олар қорқынышты маскаларда бейнеленіп балаларды шошытты. Мұндай құбыжықтар: Мандук - қомағай және Ламия. Мандуктың жақтары үлкен, тістері ақсиған арандай аузы бар. Ол маска балаларды қорқытқан кезде, сақылдап қозғалып тұратындай етіп жасалды. Ламия - балаларды жұтып жіберетін, қорқынышты кемпір ретінде бейнеленген. Сахнада оның қарнынан тірі балаларды суырып алатын сәттер болған.
Ателлана оқиғасы - фарстық рухта ойналды. Онда ойын-сауықтық ойындар мен дөрекі қалжыңдар, ашық эротика мен ұрыс-жанжал сахналары болғанына қарамастан кей тұстарда қоғамдағы саяси оқиғалар да сыналды.
Мим Рим қоғамына бұрыннан таныс. Ол әсіресе, республиканың соңғы кезеңінде кең тарады. Актерлер мимге маскасыз қатысты. Бұл мим өнерінің кеңінен тарауына жол ашты. Әйел рөлдерін әйелдер ойнады. Мим актерлері жалаңаяқ, немесе аяқтарына жұқа аяқ киім кигендіктен, жалаңаяқ болып көрініп тұрды. Сондықтан мимде ойнайтын актерлерді «жалаңаяқтар» деп атады. Мим мазмұнын астана түрғындарының өмірі мен тұрмысы құрады.
Б д.д. I ғасырдың ортасына дейін мим импровизация қалпында жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет