КОРНЕЛЬ 1606-1684
Классицизм дәуірінің көрнекті өкілі, жаңа қаһармандық трагедияны жасаушы Пьер Корнель болды. Корнельдің 1636 жылы жазылған «Сид» трагедиясы француз театрының елеулі кезеңін бастады; классицистік трагедия жанры дуниеге келді.
П.Корнель бОб жылы Францияның Руан қаласында, шенеунік отбасында дүниеге келді. Ол жастайынан поэзиямен әуестеніп жүрді. 1629 жылы «Мелита» атты лирикалық комедиясын жазды. Бұл пьеса Руан қаласында гастрольдік сапармен жүрген атақты актер Мпңдориге қатты унап қалады да, оны өзі басқаратын Маре театрының сахнасында қояды. Осыдан бастап жас әдебиетші драматургиямен айналысуды шындап қолға алады.
Парижге қоныстанған Корнель әртүрлі комедиялар, трагикомедиялар жазып жүрді. Жас драматургтің
Пьер Корнель
1636 жылы Корнель «Сид» трагедиясын жазды. Туынды желісі
испан драматургі Гильен де Кастроның «Сидтің жастық
шағы» пьесасынан алынды. 1637 жылдардың қысқы маусымында Мзре театрының сахнасында трагедияның премьерасы болды.
1640 жылы Парижге «Гораций» және «Цинна» пьесаларын әкеледі. Екеуі де классицизмнің ережесіне сай, сезім мен пзрыз, жеке тулға мен қоғам арәсындагы тартысты көрсететін. Осылардан кейін «Полиевкт», «Помпей» трагедиялары мен «Өтірікші» (1643) комедиясы жазылады. Бұл пьесалар Корнельді Францияның бірінші драматургі болып саналуына эсер етеді. Ал Корнельдің туындылары қойылған Маре театры керермендер арасында аса танымал болды.
«Сидтің» Академия талқысына түсуі Корнельдің осыдан кейінгі шығармашылығына едәуір ықпалын тигізді. Оның «Горацилер» трагедиясы классицистік қағиданың барлық ережелеріне сай жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |