Семинар 5: Д. Гоулман әдістемесі



Дата29.01.2022
өлшемі15,01 Kb.
#115880
түріСеминар
Байланысты:
Семинар 5
1-Эмоционалды интеллект құрылымы

Семинар 5: Д. Гоулман әдістемесі

1. Д. Гоулманның моделі

2. Д Гоулманның эмоционалды интеллект тесті (ESCI)

Жалпы эмоциялық зиятты кеңінен қарастыру, насихаттау толқыны американдық психолог, ғылыми журналист Дэниел Гоулманның әлемге танымал ктабынан басталады. Ол «эмоциялық зият – өмірдің барлық салаларында табысты болудың негізгі кілті» деген тұжырымын әлемге жариялады. Оның 1998 жылы жазған «Көшбасшы неден басталады?» мақаласы (HBR-harvard business review) бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Д. Гоулманның эмоциялық зият пен көшбасшылық жайлы зерттеулерінде қай сала, қандай мамандық болмасын EQ ақыл-ой мен эрудициядан бұрын адамдардың ерекшеліктерін бірден байқататын көрсеткіш екендігін дәлелдеген. Әсіресе көшбасшы үшін EQ –дің аса маңызды екендігін анықтаған.

Психолог-ғалымдардың жиырмасыншы ғасырдың аяғында болашақта білім саласында, диагностикада, психопатологияны түзетуде, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда, оқытуда және аттестациялауда интеллектіні өлшеу орнына тұлғаның эмоцияналдығын өлшеумен ауыстырылатындығы (Р.Бар-Он) және адамдардың табысты болуына EQ сенімді ықпал ететіні туралы болжамдары жаңа дәуірдің басында орындалуда.

Сондықтан балалардың эмоциялық өзіндік сана, өзін-өзі реттеу, ынталандыру, эмпатия, тиімді тұлғааралық коммуникация, сын түсіну және басқаларға көрсете білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу, басқалардың эмоциясын сезе білу, эмпатия және қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға бағытталған шараларды білім берудің барлық деңгейлерінде жүзеге асыру қазіргі күннің қажеттілігі екенін көруге болады. (Д.Гоулман моделі) Эмоциялық зият оқушылардың академиялық жетістіктеріне тікелей ықпал ететін мықты ресурс ретінде танылуы қазіргі педагогтар мен ата-аналардың қызығушылығын арттыруда.

Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының мамандары осыған орай, мектеп психологтеріне, әлеуметтік педагогтерге, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған әдістемелік құрал әзірледі. Бұл құжатта жалпы білім беретін мекемеде эмоциялық зиятты оқушылардың бойында дамытуға бағытталған іс-шаралар тәсілдердің жиынтығы түзілген.



Жалпы «эмоциялық зият баланың табысты болашағының кепілі» деген тұжырым заманауи педагогтерды зият пен эмоциялық зияттың арасындағы айырмашылықты ажыратуға, білім беру үдерісіндегі алатын орнын анықтауға және дамыту жолдарын меңгеруге міндеттейді. Оқушы өз эмоциясын басқара алған жағдайда келесі қиындықтарды еңсере алады: оқудағы кедергілер, күйзелістер, жаңа қарым-қатынас құрудағы сенімсіздік, оқудағы үлгермеушілік және тағы да басқаларды.

Демек педагогтер үшін балаларды эмоциялық зиятты басқару дағдысын үйретуге көмектесетін ақпараттық ресурстар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, жариялау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. Біздің пікірімізше отандық мектептерде эмоциялық зият дегеніміз не, ол қалай өлшенеді? Оның бала үшін маңыздылығы неде және эмоциялық зиятты дамытудың алғышарттары қандай деген түрлі сауалдарға жауап беру аясында кәсіби диалогтар жүргізіліп, мұғалімдердің білімін арттыру шаралары кеңейтілгені дұрыс болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет