мәселелерді
«өкілетті өкілдер»
емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық
мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін
тоқтату; көтерілісші ауылдардан
Қарақұмда
ерекше әкімшілік аудан құру. Осы
шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін
берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз
уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ
органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай
бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы
орындарына қайтарылды.
Өкімет орындарының саясатына наразылық
Шығыс Қазақстанда
да қарулы
көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда
Өскеменмен
Алтай
аудандарының
бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер
«Кеңес өкіметі жойылсын,
ерікті еңбек жасасын!»
деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде
көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ
бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы
тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге
әрекеттенді. 1930 жылы көктемде
«Кіші Қазан»
саясаты мен ұжымдастыру
саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда
көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар
Қытайға
жаппай қоныс аудара
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: