Семинар бойынша 5- семинар бақылау сұрақтары: Дүниені танып-білу мүмкіндігі мәселесі. Танымның түрлері


Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі



бет6/7
Дата05.06.2023
өлшемі26,1 Kb.
#178313
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5-6семинар

2.Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.
2018 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғанына бір жыл болды. Осыған орай Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша былтырдан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген алғашқы он сегіз оқулықтың тұсаукесері өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен шараға танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, гуманитарлық ғылыми орталықтардың қызметкерлері, ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, жас ғалымдар мен студенттер және жобаға атсалысқан аудармашы редакторлар мен баспагерлер қатысты.Өткен бір жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша көптеген жұмыс атқарылды.Жалпыхалықтық талқылаудан кейін латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты қабылданды.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап мен оқу құралы жарыққа шықты.Іс-шара барысында философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған осы кітаптардың тұсаукесері жасалды. Мамандар жаңа оқулықтар еліміздегі гуманитарлық білім мен ғылымды дамудың жаңа белесіне көтеретінін, сонымен бірге, жоба аясындағы кешенді жұмыстар қазақстандық аударма ісінің дамуы мен түпнұсқа тілден қазақ тіліне тікелей ғылыми аударма мектебінің қалыптасуына айрықша ықпал етіп жатқанын айтты. Басқосуда еліміздегі іргелі жастар ұйымдары «100 жаңа оқулықтың» тарихи маңызы, жаңа кітаптарды білім беру бағдарламасына енгізу және жалпы жоғары білім беру жүйесін заман талаптарына сай реформалау жөнінде үндеу жариялады.Мемлекет басшысы өз сөзінде «Рухани жаңғыру» аясындағы жобалардың қай-қайсысы да айрықша маңызды екеніне тоқталып, әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап өтті.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» отандық жоғары білімді дүниежүзінің ең озық тәжірибесімен таныстыра отырып, оны әлемдегі маңдайалды университеттер деңгейіне шығаруға жол ашатынын атап көрсетті.Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы іске асып жатқан қоғамдық сананы өзгерту ісінің негізгі тірегі – жаңа мазмұнға сүйенетін білім беру жүйесі екеніне ерекше тоқтала отырып, «Озық технологияға қол жеткізу маңызды, оны қандай мақсатқа бағыттау керектігін түсіну одан да маңызды» деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет