Семинар иондаушы сәулелерді тіркеу иондаушы сәулелену детекторлары


Радиациялық барлау және бақылау құралдары



бет3/7
Дата09.01.2022
өлшемі90,62 Kb.
#110532
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
семинар10рад

2. Радиациялық барлау және бақылау құралдары

Радиоактивті заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады (сурет 10.1). Осындай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған аумақты барлауға кіріседі де, ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін, не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарын иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары, ауаның электр тоғын өткізу қасиетін арттырады.



Сурет 10.1. Арнайы радиоактивті заттарды анықтайтын құралдар

Камераның екі жағынан кернеу беріледі де, онда жүйе арқылы ток жүреді. Сол кезде микроамперметр қосып, қарапайым радиация деңгейін өлшеуге болады. Осы принцип бойынша жұмыс істейтін ДП-5В атты өлшеуіш құралы кеңінен қолданылып келеді. ДП-5В атты аспабы гаммарадиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қорапта орналасқан және онымен айналаны зерттегенде, бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады. Сонан соң, ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатып, радиацияның деңгейін микроамперметр арқылы анықтайды. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әрбір зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басып отыру керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг. Кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналастырылады. Оның күші аспап тоқтаусыз жұмыс жасап тұрғанда 55 сағатқа дейін жетеді. Жалпы, ДП5В құралын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген (сурет 10.2).

Сурет 10.2. ДП-5В құралы

Автомобиль көлігіне және басқа жылжитын техникаларға орналастырып бақылау істерін атқару үшін ДП-ЗБ атты аспап пайдаланады. Оның жұмыс істеу принципі мен құрамында ДП-5В аспабынан айырмашылығы көп емес. Өлшеу қабілеті 0,1÷500 р/сағ аралығында.

Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін жеке радиация өлшегіштер дайындалған. Оларға ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқа аспаптар жатады. Пайдалануға ыңғайлы, киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады. Сондықтан адам шектелген шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет