Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна


Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалау



бет136/200
Дата11.10.2023
өлшемі2,65 Mb.
#184801
түріСеминар
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   200
Байланысты:
ББ аймағ.жобалау

Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалау. Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі педагогикалық мамандықтағы жобалаудың мазмұны болып қызығушылықтары бар адамдардың күштерін саналы біріктіру негізінде педагогикалық шынайылықты өзгерту, сонымен қатар кәсіби конпетенттілік деңгейін көтеру есептеледі. Қосымша білім беру жүйесінде осы екі бастаудың бірігуі байқалады. Жобалау іс әрекеті кәсіби даярлау мен мамандықты жоғарылату жүйесінде мамандар алдында пайда болған міндеттерді шешу үшін кең қолданылады. Бұл жағдайда жобаның «ішіндегі» жұмыста мамандар жұмыс жасайтын әлеуметтік кеңістікте мақсатқа бағытталған немесе еркін мәселе нүктелерін іздеуді ұсынатын жоба алды зерттеу деңгейі орын алады.
Бұл ситуацияны диагностикалау түрлері критикалық нүктелер мен қарама қайшылықтарды анализдеуге, өзгерістің перспективалы бағыттарын іздеуге негізделген. Бұндай диагностиканың қарапайым формаларының бірі жобаға қатысушылар біртіндеп жауап беретін, сол арқылы өздері әрекет ететін бағыттар мен шарттарды айқындайтын сұрақтар сериясы бола алады. В.И. Слободчиковтың анықтауы бойынша, жоба – бұл білім берудегі, әлеуметтік педагогикалық қозғалыстағы, білім беру жүйелер мен институтарда, педагогикалық технологиялар мен іс әрекеттердегі иновациялық ойлардың хатталған кешені. Г.П. Шедровицкийдің пікірінше, білім берудің мақсатын бейнелейтін нақтылы жобаны болашақта оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын құра алатындай етіп анық жасау керек. Бұндай бағдарламалар білім беру жүйесіне енуі тиіс оқу пәндерінің саны, түрлерімен байланысын анықтау үшін қажет. Оқу құралдарының сипатына байланысты оқытудың әдіс тәсілдері жасалады.
Мысалы, біліми – ақпараттық порталды сәтті жасау оны жобалау барысында педагогикалық жобалау әдістемесінен алынған жағдайда мүмкін болады деген гипотеза келтіру мүмкін.
Біліктілікті жоғарылату жүйесінде жобалау кәсіби іс әрекетті нормалау, қайта нормалау әдісі ретінде, сонымен қатар, иновацияны транцлятцалаудың бір формасы ретінде қолданылады. Алғашқы жағдайда оқытушылардың негізгі рөлі әр түрлі іс әрекет түрлері мен олардың арасындағы байланысты орнатуға негізделеді. Нәтижесінде педагогтың кәсіби іс әрекетін оданда жоғары деңгейге ауыстыру жүреді, яғни шын мәнінде біліктілікті жоғарылату компетенттілік деңгейін көбейту, индивидуалды немесе корпаративті мәдениетті қалыптастыру, педагогикалық шеберліктің қалыптасуы жүреді. Жобалау ұйымдастырушы – іс әрекеттік сипат алады, ал оның өнімі болып іс әрекетке деген әдіснамалық жазбалар және іс әрекеттің өзінің сапасы есептеледі. Жобаны кеңістік пен уақытқа байланыссыз болашақ іс әрекет бөліктері ретінде түсіну (Г.П. Щедровицкий) әдіснамалық қызметті орындайтын педагогикалық іс әрекеттің әр түрлі түрлерінің жалпы, моделді бейне құруға әкеледі. ( білім берудегі жобалау мүмкіндіктері педагогтарды зерттеушілік іс әрекетке үйрету әдісі ретінде Н.А.Масюкованың: білім берудегі жобалау кітабында нақтылы анализденген).
Екінші жағдайда жобалау іс әрекеті іздеушілік – туындататын сипатқа ие. Біріккен жобалық іс-әрекет барысында детализация мен өңдеудің әр түрлі деңгейінде инновациялық, білім беру өнімі ұйымның даму бағдарламалары, оқу бағдарламалары, нормативті құжаттар немесе концепциялар, осындай бағдарламалар мен концепциялардың моделдері ретінде пайда болады. Біліктілікті жоғарылату жүйесінде жобалау өнімінің кең тараған түрі ретінде процедуралар (авторлық әдістер, жұмыстың өзіндік формалары) сонымен қатар өзінің жұмысының сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін қатысушылар іс әрекетінің жаңа тәжірибесі саналады. Жалпы алғанда біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалаудың нысаны ретінде мекеменің білім берушілік практикасын есептеуге болады. Бір жағынан практиканың дамуының әр түрлі жобалары, екінші жағынан жобалық өнімнің практикаға енгізуші инициатор және жасаушы қабілетті тыңдаушылар өнім бола алады.
Мысалы, жобалық іс-әрекет тәртібінде мектеп - лобаратория іс-әрекеті туралы жағдай, оқу немесе студенттік ғылыми қоғамның жұмысы; тест жүргізу бойынша нұсқаулар, білім беру стандартының құрылымдық моделі; белгілі бір типтегі білім беру мекемесінің тұжырымдамасы, білім беру жүйесін аймақтық дамытудың болжамдық моделін жасауға болады.
Жобаға қатысу - өзіндік кәсіби іс-әрекет ситуациясын рефлексиялауға жақсы мүмкіндік. Бұндай ситуацияны анализдеуді тыңдаушылармен бірге жобалау барысында әр түрлі көзқарастар мен өткізген дұрыс. Алғашында бұл – алдын ала жасалған диагноз, көз мөлшер арқылы ауыратын нүктелерді, ақ дақтарды, барьерлерді, тұйықтамаларды анықтау.
Сонымен қатар, жобалау обьектісі дамитын құндылықтық–мағналық және мақсаттық- құндылықтық негіздерді мұқият анализдеу қажет. Бұл оларды индивидуалды және топтық құндылықтар мен тыңдаушылардың мақсаттары мен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Мысалы, барлық деңгейдегі нормативті құжаттар массивін анализдеу негізі арқылы қазіргі кезде қоғам білім беру мекемелері іс әрекетінде нені бағалап қолдау көрсететіні жайында кешенді көзқарастар құру пайдалы. Біз бір кезеңде бұл инновациялық өзгеріс, басқа уақытта ҰБТ ны ендіруге дайындық, үшіншісінде модернизация нәтижелерінің болуын көреміз. Осыған орай жобалау обьектісін таңдау әлеуметтік сұраныс шеңберінде немесе одан тыс жатуы мүмкін.
Обьектінің табиғаты туралы рефлексивті, пәндік, қосымша теориялық білім, оның даму заңдылықтары, олармен өзара әрекеттесу әдістерін алған соң тағы мақсатты түрде анализ жүргізу керек. Ол басқа бұрышта, кейбір әдетті әрекеттердің өнім бермейтіндігін анықтауға бағытталған амалдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқытушының негізгі міндеті – алынған неготивті ақпаратты психологиялық түрде ұстауға және «өзінің білігі туралы білімді» кәсіби қозғалысқа стимул ретінде қолдануға көмектесу. Алынған әсерлерді бекітудің бір формасы жадынама немесе кәсіби топ құру болып табылады. Бұндай құжаттың мәтіні стандартты формалардан бастау алуы мүмкін. Мысалға, мынадай:

  • «Егер мен балада менің пәніме қатысты қорқыныш дамымасын десем мен ешқашан істемеймін...»

  • «Егер мен әріптестерім менің көзқарасымды шынайы тыңдап түсінгенін қаласам мен болмаймын...»

  • «Егер біз біздің мектеп гимназияға айналғанын қаласақ біз... бас тартамыз»

  • «Егер біз жоба сәтті болғанын қаласақ, біз... бұндай қателерді қайталамаймыз».

Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалардың міндетті құраушылары болып жобалаудың пәндік саласын қамтитын арнайы терминалогиямен терең жұмыс есептеледі.
Жеке жобалық мәдениетті дамытумен қатар бұл теориялық - әдіснамалық білімнің жаңа қыртысын меңгеруге әсер етеді. Осылайша тыңдаушылар жоба, тұжырымдама, модель, рефлекция, камуникация, презентация, тағы басқалар не екенін нақты елестетуі керек. Бұл бірлескен іс-әрекетт ғана емес, іскерлік қарым-қатынас жүйесін нормалауға ұрықсат етеді. Сөздік ( тезаурус ) жобаны жасау мен түсіну үшін мақсатты түрде уақыт бөлу керек. Кәсіби лексика жұмысының мазмұны мен мағынасына терең енуге көмектесетін амалдардың бірі категориямен ұғымдардың құрылымдық логикалық схемасын құру есептеледі.
Біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастыру тәжірибесінде ғылыми мәтіндер мен және оларды бейнелейтін құрылымдық логикалық сызбалармен жұмыс та бар. Құрылымдық–логикалық сызбаларды өңдеу негізінде жеке ғылыми категориялардың мағыналық-мәндік жалпы қорытынды моделі жасалынады. Біліктілікті жоғарылату жүйесіндегі жобалау іс-әрекеті оқу қырларын жоғалтпайды, себебі, білім беру мақсатына, тәуелді, оның өнімі обьективті жаңалығымен ерекшеленеді және кәсіби практикада қолданыла алады. Қорытынды өнім өмір сүретін форманы дұрыс анықтаған маңызды. Бұл жағдайда мәтін сызықша бейнелеуіш бағдарламаны, стандартты технологияны немесе олардың концептуалды, модельдік, жобалық ойларын құру туралы айтылып отыр. Жобалық іс әрекетке өнімді қолданатын корпоротивті субьект енген бірінші нұсқалы ситуация көбірек сай келеді. Бұл кезде мекеменің өзекті қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеретін нақтылаудың белгілі деңгейі болуы мүмкін. Екінші нұсқа курстарда әр түрлі категориялы әр түрлі аналогиялық сұраныс мекемелерінен тыңдаушылар жиналған, жобалық өнімді қолдану шарттарымен айтарлықтай ерекшеленетін ситуацияға бағдарланған. Мысалы, бұл әр түрлі мектеп типтерінің деректорлары мен олардың орынбасарлары немесе методисдтер болсын. Олар үшін ортақ амалдар, стратегиялық бағыттар, ұстанымдар өңдеу, құжатты жасау құрлымы мен логикасы маңызды. Мысалы федералы тәжірибелік алаңды дамытудың жалпы моделі әр түрлі региондар мен халықтық орталықтарда нақтыланып, бөлшектенеді.
Осыған орай курстардың тақырыбын қосымша кәсіби білім алу мекемесіне оқуға келген мамандардың іс әрекетіндегі шынайы проблемалармен кординациялау талаптары пайда болады. Тақырыпты бірігіп таңдау аудиторияның кәсіби-тұлғалық тәжірибесіндегі тыңдаушылардың біліктілік деңгейлері туралы диагностикалық мәліметтері және олардың кәсіби мәселелерді шешуге қатысты позицияларының сәйкес келуіндегі проблеманы анализдеу негізінде жүзеге асады. Алғашқы бағдарға байланысты жобалық іс-әрекет тәртібіне ересек адамды енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Мысалы, білім беру мекемесінің ішінде мұражайлық кеңістікті жобалау бойынша тапсырма беріліп, оларды болашақ мұражайлық педагогтар квалификацияны жоғарлату курстарында оқығанда жүзеге асырғанда қандай болар еді. (Музей мен мектеп білім беру кеңістігінде кітабынан мысал келтірілді.)
Тапсырма келесі мазмұнды мәтіндік нұсқаулықтар көмегімен енгізілді.
Бүгін сіздерге топтық жоба жасауға тура келеді, оның мақсаты- білім беру мекемесіндегі мұражайдың идеясын қалыптастыру мен қорғау.
Біздің практикалық семинар мен лекцияларда алынған мектептік немесе балабақшалық экспозицияны ұйымдастыру тәжірибесіне ие ақпаратты қолданыңыздар.
Анықтаңыз:

  • Экспозиция (коллекция) қандай тақырыпқа арналған;

  • Мұражай қалай аталады;

  • Қандай экспонаттар көрсетіледі;

  • Композиция қалай құрылады: құрылымы мен бейнелік шешімдер, мағыналы бөліктер, басты экспонаттарды көрсету, кеңістікті ұйымдастыру;

  • Экспонат туралы ақпарат қалай көрсетіледі (анотация, этикет, шығарма);

  • Сіздің музейдегі экспозицияда қандай мұражайлық жұмыс формаларын қолдануды ұсынасыз.

Сіздің жобаңыздың халық алдында қорғалу кезінде сізге қажет:

  • Экспозициялық жоспар сонымен қатар, сіздің идеяңызға арналған кезкелген материалдар;

  • Оған арналған бес минуттық түсіндіру тезистері (болу үшін жоғарыда айтылған сұрақтарға жауаптарды қолдануға болады)

Жоба тұжырымдамасының нәтижесін талқылау барысында оның жүзеге асуының шынайылығын сегіз балды шкала бойынша бағалау, сонымен қатар, жобаны шынайы өмірде жүзеге асыруға кедергі келтіретін себептерді де қарастыру керек.
Осылайша, тұжырымдаманы жобалауда ортақ бағытты меңгеру әрбір ұйымның ерекшеліктерін ескерумен байланыстыру керек.
Жаңа мәселелермен ұстанымдық деңгейде кездесу маман іс-әрекетінің сипатында әр түрлі көрінуі мүмкін. Кейбіреулер сұрақтан қашып, басқалардың шешуіне мүмкіндік береді. Басқалары іс-әрекетін тоқтатып, нұсқаулар, әдістемелік бұйрықтар күтеді. Үшіншілері, өздерінің тәжірибесіне сүйеніп, өзбетінше шешуге тырысады. Төртіншілері, ішкі ресурстарының аздығын сезіп, әріптестерімен ақылдасады. Бесіншілері, мәселені шешуге көмектесетін жаңа білім мен тәжірибені алуға тырысалы, яғни күштің барлығын өзіне жұмсайды. Алғашқы аталған екі категорияларға шешім қабылдай алмаушылық кедергісін, өз күшіне сенбеушілікті жоюға көмектесетін жобаға енудің қосымша психологиялық және әдіснамалық инструменттерін қарастыру керек. Мысалы, әріптестерінің жобалық іс-әрекетінің өнімдерімен танысу немесе қиындықтарды жеңген және қолданған авторлардың жобаларымен танысу болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет