Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна


Бірлескен субъектіні ұйымдастыру мәселесі



бет45/200
Дата11.10.2023
өлшемі2,65 Mb.
#184801
түріСеминар
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200
Байланысты:
ББ аймағ.жобалау

2. Бірлескен субъектіні ұйымдастыру мәселесі. Жобалау әрекетінің бірлескен сипаты бірлескен субъекті құру үшін арнайы педагогикалық күш салуды талап етеді. Ол ортақ мақсат, ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, жоба тиімділігін талдауға; оны басқаруға қатысуға, ресурстарды бөлуге ықпал етуге; жоба әрекетінің мақсатын, нәтижесін басқаларға көрсетуге, ұжымдық қолдау және өз жұмысының бағасы ретінде кері байланысқа қол жеткізуге үйренеді.
Жоба әрекетінің бірлескен субъектісінің қалыптасуының жолдары әртүрлі. Класс, студенттік топ, педагогикалық ұжым секілді қоғамдастықтың ішінде жоба мотивациясының болуы. Немесе қандай да бір формальды емес, я болмаса белгілі бір жобаның жүзеге асуына арнайы кәсіби қоғамдастықтың құрылуын мақсатты көздеу. УҒЗҰ (уақытша ғылыми зерттеу ұжымы ) секілді бірлестіктер 1980 жылдардың соңынан бастап білім беру саласында белсенді іс әрекет атқара бастады. Жобалау әрекеті міндетін шешуде әлеуметтік немесе компьютерлік желінің қалыптасуы мүмкін. Педагогтың жоба жүзеге асуында бірлескен субъектінің қалыптасу арысында кездесетін негізгі міндеттерге тоқталайық.
Қатысушылар тобы таңдалды. Жобаға қатысушылар тобы көп жағдайда нақты адамдардың ролдік көзқарасынан, біліктілік деңгейінен, функционалдық міндеттерінен, жеке және кәсіби қызығушылығынан тәуелді. Сонымен қатар оның қалыптасуы білім беру орталықтарында қызмет атқаратын нақты адамдармен (ғалымдар, методистер, әкімшілік, педагогтар, оқушылар, ата – аналар, арнайы және ЖОО – ң өкілдері, министрлік және жергілікті билік өкілдері т.б.) тікелей байланысты.
Мысалы, егер оқушылардың дүниетанымы, жалпы мәдениеті, мінез құлық этикасы, қарым қатынасы оқытушылармен, тәрбиешілермен, шеберлермен күнделікті қарым қатынас жасау барысында қалыптаса бастайды.
Жоба мақсатымен байланысты ортақ қағидалар, ұстанымдардың қалыптасу күрделі әлеуметтік психолгиялық мәселе. Осы жағдайда ақпараттық тәсілді қолдануға болады.
Мысал ретінде жоба негізі болатын Санкт–Петербург мектептеріндегі құқықтық білім беру жүйесін өңдеумен байланысты тьюторлар топтар кездесуінде эпизодты айтайық. Аудиторияда ИПК–ға бағытталған мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, тәжірибесі бар әртүрлі пәндер мұғалімдері жиналды.
Жобаның ғылыми жетекшісінің қысқа сөзінен кейін қатысушылар арасында экспресс–диагностика жүргізілді. әрқайсысына үш парақ берілді. Параққа («мен педагог ретінде», «менің оқушыларым», «менің оқушыларымның ата - аналары»)осы субъектілердің мектептегі әрекетінің міндеттері мен құқықтарын екі қатарға жазу.
Тапсырманы орындау барысында қатысушылар өзінің және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары туралы жеткіліктк ақпараттанбағынын байқады. Кейбіреулер үшән шектелге құқық пен міндет қиын болды. Оқушылардың білім алуға деген құқығын міндеттер графасына жатқызды.
Топтық рефлексияның жүруі барысында алынған нәтижелерден әртүрлі себептермен мұңалімдердің, оқкшылардың құқықтары бұзылатыны байқалады. Мұғалімдерде психологиялық түрде мәселеге енгізілді. Нәтижесінде тұлғалық маңызы бар жобалық ұсыныстар қабылданды.
Топталған субъекті құрамына кіретін қатысушылар жобалық әрекеттің жалпы категориалдық-ұғымдық кеңістігін құру керек. әдетте бұл міндет бірлескен әрекетте қолданатын жобаның ортақ тілін өңдеу негізгі мақсаты болып табылатын оқыту жолымен шешіледі.
А.И. Герцен атындағы РГПУ білім берудегі инновацияның Халықаралық орталығында білім беру саласында кеңес берушілермен байланысты жобаны жүзеге асыру барысында біліктілігін көтеру жүйесіне кірген оқытушылар Австрия мен Нидерландыдағы әріптестерінен оқыды. Топ қатысушылары осыдан кейін ресей аймағында кеңес беру үлгілерін өңдеуге қатысты. Олардың жобалық жұмыстары европалық білім беру тәжірибесіне сәйкес қабылданған кеңес беру әрекетінің ерекшеліктерін сипаттайтын жаңа лексикаға негізделіп жасалынды.
Мәдени коммуникациямен психологиялық түрде қамтамасыз ету.педагог топтық жобалық әрекетті ұйымдастыра отырып, топ ішінде мәдени коммникацияның дамып, топ тұтастығын қамтамасыз ету керек. Жобалау әрекеті барысында топ ішінде топтық динамиканың дамуы, лидердің ауысуы, интеллектуалдық, психологиялық шаршау секілді процесстер туындайды. Бұл тота жұымыс істеу, қарым қатынас дағдығын мегеру, ақпараттық алмасуды үйренуді тал ап етеді. Тағы бір міндет – шынайы және виртуалды тәртіпте жүзеге асуы мүмкін мәдени коммуникацияны психологиялық қамтамасыз ету болып табылады.
Топтық субъектінің жоба алды шоғырланну секілді жоба командасындағы ұйымда топ тұтастығын сақтаудың тетіктерін қарастырайық. Мұндай семинарлар әдетте жобаның жүзеге ауы бойынша табысты бірлескен әрекеттің алышарттарын құру үшін өткізіледі. Оның өнімдері объекті даму стратегиясын және топ тұтастығының кешенді (эмоционалдық, мазмұнды, ұйымдастырушылық, технологиялық) алғышарттарын қалыптастыратын бағдарлама немсе нормативтік мәтін, концепция блып табылады.
Семинар қатысушылары алдымен қажеттіліктерін біріктіреді. Сондықтанда семинардың алғашқы қадамы қатысушыларды бәсекелестікке емес, бірлестікке тәрбиелеу болып табылады.
Ол үшін мәселеге шығармашылық әрекетке түрткі ретінде қарауды қалыптастыруға бағдарланған арнайы жаттығулар, тренингтік ситуациялар, ойындық техникалық тәсілдер сериясы қолданылады.
Келесі қадам «мәселелерді жинақтау және қалыптастыру», оларды жіктеу. Осылайша білім беру ұйымдарының жағдайын жақартатын мәселер шешімі табылады.
«Білім берудегі кеңес беру» семинарларының бірінде педагогтар тек зіндегі мәселені көріп, олардың балаларда да болуын байқамайтыны анықталды. Бұл семинар ұымдастырушлары алдында міндетті өзгертіп, ересектерді өз мәселесін емес, балалар мәселесін шешуге бағыттауды талап етті.
Ресурстарды қолдануға баға берілді. Ресурстарды бағалау SWOT – анализі (ғылшынтілінен ауд.күш, әлсіздік, мүмкіндіктер, қауіп төндіру деген мағынаны білдіреді.) бойынша жүргізілді.
Бұл бірлескен іс-әрекеттің барлығы бірлескен шығармашылыққа дайындайды. Жұмыстың арықарайғы барысы ауыспалы (профильді) топ тәртібінде жүреді, ол білім беру жүйесін дамытуға қабілетті концепция, бағдарлама, нормативтік құжатты жасауына тікелей байланысты. Осы аталған прцедуралар өткеннен кейін жоба «ядросы» құрылды десек те болады.
Мұндай семинарларды педагогикалық психологиялық қолдау талап етеді: (3-5 күн жүреді.)

  • Эмоционалдық күй динамикасы бойынша жұмыс күнінің басында немесе соңында жүйелі кері байланыс орнату;

  • Ұжым жұмысы үшін оның аралық нәтижелерінің есебінен контекстік қоры (газеттер мен үнпарақ шығару, күнделіктті фотосессиялар, арнайы қабырға тақталарында ақпарат болатын графикалық бейнелер және т.б.құру;

  • Топ тұтастығы тәсілін қолдану;

  • Іс-әрекетті қалыпқа келтіру ережесін енгізу.

Семинарларды ұйымдастыруда бір логикалық қадам жасалынады . бұл өз ұжымына жаңа әдістерді меңгеріп келген маманның қадамы. Осы ситуацияда туындауы мүмкін «жобадан кейінгі әсер» немесі конфликтіні ескерту кері байланыс кезінде өте маңызды. Сонымен қатар ұжым мен басшылары арасында керемет жобалық идеялрмен бөлісуге көметесетін ауызша және мінез құлықтық қасиеттерді игеруге көңіл аудару маңызды.


Желілік қоғамдастықтың қалыптасуына байланысты жобалау субъектісі әртүрлі болуы мүмкін. Бір жағынан желі оның потенциалды қатысушыларының шынайы байланыстарынан біртіндеп қалыптасады. Мысалы, білім беру саясаты Инситуты жобасында біріккен «Эврика» атауын алған мектептердің жағдайы осылай болды. Екінші жағынан желі жобасы белгілі бір әлеуметтік педагогикалық немесе білім беру мәселелерін шешуі мүмкін. әлеуметтік желінің құрылуы да алдын ала ұйымдастырылған жұмысты талап етеді. Осындай жұмыстың бір нұсқасының логикасын иқарастырайық.
Ең алдымен осы мәселеге қызығушылық танытатын ұйым қажет. Олардың іс әрекет жасау формасы: семинар, миға шабуыл, видео немесе шынайы конференция, бірлескен танысы іс сапары болуы мүмкін. Келесі міндеттерді шешу ұсынылады.

  • Қатысушылар тобы жобасына референтті қатынастың қалыптасуы.

  • Жобалық әрекет тәртібінде іс әрекет жасауға дайын адамдар немесе мекемелер тобын құру.

  • Ары қарайғы байланыс формаларын қамтамасыз ету.

  • Бірлескен жобалық әрекет контурын белгілеу.

Желілік тәртіптегі өнімді іс әрекеттің алғышарты толықтық пен бастапқы кезеңнің өкілдердің дәрежесі болып табылады. Мысалы, қажетті ресурстарды қанағаттандыра алатын әлеуметтік әріптестер шеңбері әлеуметтік ортаның көптүрлілігін үлгілейді. Бастапқы кезеңнңғ өзінде ақ бірлестік, қоғамдастық атмосферасын құру қажет.
Өара әрекеттестіктің табысты болуы үшін бірлескен іс әрекетте жба алды кездесулерге қатысушыларды тарту мотивтердің көрінуі қажет. өзгерістер, жоба лидердері мен координаторларын таңдаудағы анықтық та маңызды. Бірлескен күштің нәтижесінде бірлескен іс әрекетті қайта құруға бағытталған қорытынды «құжат» немесе материалдар пакеті туындайды. Жобалау барысында желілік қарым қатынасты ұйымдастыру үшін қатысушылардың желілік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етіп, өзара ықпалдастыққа регламент қою керек.
Балалар мен ересектердің бірлескен жобалық әрекетінің ерекшеліктері. Жобалау тәжірибесі кіші мектеп жасынан бастап қалыптасады. Сонымен қатар ғалымдар балалардың жобалу әрекетіне қатысуының, олардың білім беру мекмелерінің жобаларына қатысты айырмашылығы аталады. Балалар мен ересектердің жоблауға амалы бақылаулар бар. В.П.Бедерханова ескертпесі бойынша, «балалар мифологиялық кеңістікте жиі жұмыс істейді, олардың қимылы болашақтан осы шаққа қарай жүреді, ересектен айырмашылығы олар өткен шақтан келер шаққа қарай жүреді».
Гуманистік педагогикада жобалау үдерісінде бала көзқарасы мен ролі туралы сұрақ өте маңызды. Тәжірибе олар вариативті екенін көрсетеді. Бала жобалаушы әрекеттің тікелей белсенді қатысушы ретінде, тапсырыс беруші ретінде, іс әрекетке және оның нәтижесіне қатысты эксперт ретінде болуға қабілетті.
Сонымен қатар жобалау әрекетінде бала өз дербестігін көрсету қажеттілігі мен мүмкіндігімен соқтығысады. Бұл мынадай ситуацияларды талап етіледі:

  • өзі туралы және жобалау объектісі туралы қоршаған ортаға айту, құрдастарымен ересектер арасында көзқарасын қорғау;

  • өз мақсаттары мен құндылықтарын басқа адамдарымен келісу;

  • өз қиыншылықтары мен мәселелерін анықтау және олардың себептері мен шешімдерін табу;

  • өз әрекеттері мен алынған нәтижелері бойынша бірлескен рефлексия жүргізу.

Жобалық әрекетке бірлескен қатысу әртүрлі деңгейде өзара ықпалдасуды болжайды:
Олардың бірнешеуін атап өтейік:

  • ақпараттық деңгей (жобалау әрекетінде алынатын – зерттеушілік, оқушы, диагностикалық және т.б. мазмұнды алмасу);

  • практикалық жеңгей (бірлескен бірлескен іс әрекет);

  • эмоционалдық деңгей (жоба барысында игеретін индивидуалдық және бірлескен әсер, уайымдау);

  • этикалық деңгей (ережелер, өзара ықпалдастықтың конвенционалдық нормалары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет