Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.
Сонымен қатар, педагогикалық жүйелер қызметтерінің нәтижелері жүйе ішіндегі өзара тығыз байланыста болып келетін көптеген факторларға – ресурстар мүмкіндігіне, ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, педагогтар құндылықтарына, сыртқы ортамен байланысына т.б. – тәуелді екені ескеріледі.
Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық құрылымдардың мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік құрылым мен адам ресурстарын құрылымын нәтижеге жетуде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін мақсаттық - бағдарлы жобалар болып табылады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалар тиімді дамыту құралы болып табылады, өйткені оны қолдану жағдайлары (белгілі бір құрылымдық жүйеге өзгерістер ендіру, туындаған проблеманы кешенді тұрғыдан шешу қажеттігі, әлеуметтік даму тенденцияларына сәйкес өзгерістер, т.б.) өтпелі кезеңнің ерекшелігіне толық жауап береді, сонымен қатар, бұл бағдарлама әлеуметтік - экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік, аймақтық, аудандық қана емес, белгілі бір жүйе, немесе ірі мекеме, ұйым деңгейлерінде де сапалы өзгерістерді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын топтар, белсенді топтар құрылуы мен олардың өзара байланыстарын көлденең, немесе желілік сипатта нығайту қажеттігі, проблемалардың негізінен пәнаралық және интегративтік сипатта болуы қалыптасқан құрылымға өзгерістер қажеттігін тудырып, дәстүрлі қызметтер матрицалық құрылым арқылы үйлестіріле қолданылады. Бұл иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» байланыстардың болуына негізделеді.
Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып табылады. Оның басты ерекшелігі - басқарудағы дәстүрлі қызметтік және жүйе элементтері мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен өкілеттіктері, жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше қызметін ұйымдастыра алуында.
Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа бөлімшелер құру, өз тиімсіздігін көрсетіп отырған құрылымдық бөлімдерді жабу немесе қайта құру, ішкі кадрлық өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаттық - бағдарлы жобалардың алдымен дәстүрлі басқару циклдік айналымына – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, есептеу, реттеу, талдау – негізделетінін ескеру қажет. Мысалы бірінші кезеңде: жобалық бағдарлама құрастыру; кіру және шығу мәліметтерін дайындау; нәтижелерді бақылау, бағалау өлшемдерін даярлау; жобаны талдау және оны түзету жолдарын жасау; талдау нәтижелерін ескеру және жобаны өзгерту жолдарын белгілеу.
Екінші кезеңде, тиісті қызметтік сала басшылары мен бөлімшелердің, мамандарының арнайы міндеттері мен қызметтерін бекітіп беру қажет, олар берілген мақсат ауқымына сай әртүрлі болуы мүмкін.
Жүйені мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі негізінде дамытудың үлгілік матрицалық құрылымы мақсатты түрде күтілетін нәтижелерге бағытталауын көздейді. Мақсаттық - бағдарлы жобалар тұрақты сипатта да, уақытша сипатта да бола алады, әрбір жобалық бағдарламаны басқарушы тағайындалып, салалық орынбасарлардың, немесе кіші жүйе басшыларының қызметтері белгіленген мақсаттарға сай арнайы ұйымдастырылады.
Төмендегі 6 - суретте мақсаттық - бағдарлы жобалaу қызметін ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі ұсынылып отыр.
Сурет 6. Мақсатты–бағдарлы жобалаудың үлгілік матрицалық құрылымы
Матрицалық құрылымның басты элементтері – мақсаттық - бағдарлы жобалар (суретте шеңберлер ретінде берілген), олар салалық басшылар мен ондағы қызметкерлердің мақсатты бағдарламаны орындау барысындағы қайталанып отыратын қызметтерін көрсетеді.
Суреттегі тік сызықтар – басқару қызметтерімен және көлденең сызықтар – мақсаттық - бағдарлы жобалармен байланыста болатынын бейнелейді.Педагогикалық жүйелерді бүгінгі таңда бір уақытта бірнеше мақсаттарды орындау қажеттігі туындап отырады, ол үшін жүйені басқарушылардың тікелей ұйымдастыруын талап ететін бірнеше бағыттар қамтылуы да мүмкін.
Оларды жүзеге асыру, бір жағынан, жүйенің тұрақты жұмысын қалыпты жағдайда басқару, екінші жағынан, жаңадан туындап отырған мақсаттарды нәтижелі орындауға байланысты күрделенетіні белгілі. Мысалы, соңғы жылдары білім беру жүйесін 12-жылдық білім беруге көшуге даярлау, оның нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарушылар алдына да, білім беру үрдісін басқарушы педагогтар алдына да жаңа талаптар қоюда.
Педагогикалық жүйелердің синергетикалық табиғатындағы өздігінен ұйымдасу мүмкіндіктерінің болуы мен оның тәжірибеде жүзеге асырылмауы мына проблемаларды айқындайды: біріншіден, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарудағы жүйенің түрлі деңгейлеріндегі барлық компоненттерін жалпы жүйенің алдына қойылған жүйеқұраушы мақсатқа сай тиімді ұйымдастыру қажеттігі, екіншіден, педагогикалық жүйелерде субъектінің өзіндік дамуын ұйымдастыруға қажетті басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі.
Осылайша, жобалау мақсаттары нақты орындалу уақыты мен кеңістігіне «орналастырылғаннан» кейін (қайда және қашан, қалай орындалады, оның нәтижесі не болып есептеледі, немен өлшенеді, т.б.) міндеттері, мақсатқа жету қандай жолдармен, қандай міндеттерді орындау арқылы мүмкін болатыны белгіленеді.
Жобалау негізіндегі қайта құрулардың мазмұны мен түрлерін анықтау кезеңі – ненің өзгеретінін, ненің құрылатынын белгілеу кезеңі. Жобалау құжаттарында (2 – кесте) өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс.
Кесте 2. Жобалау құжаттарын қолдану үлгісі
Іс – әрекет бағыттары
|
Іс – әрекет мазмұны
|
Орындау базасы
|
Орындау-
шылар
|
Жүзеге асыру
мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
әрекеттер мен технологиялық әрекеттер, жаңа «өнімді» (мысалы, оқу әдістемелік құралдар, технологиялық кешендер, құралдар мен әдістемелер) тудыратын қызметтер,
институциялық құрылымдар, т.б. сипатталады. Оларды қолдануға қолайлы болу үшін белгілі бір форматтар, кестелер жасалады.
Кез келген жобаның құрал ретіндегі тиімділігін бағалау (авторлық, немесе сыртқы бағалау) үшін оның құжаттарына көңіл аударуды қажет етеді. Жобалау құжаттары мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды проблеманы шешуді жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық жобалар, т.б.
Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек. Жобалаудың құжат ретінде аяқталғаны, толықтығы жүзеге асырылып жатқан үрдістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен қорытындыларын тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан көрінеді.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның аяқталуының рәсімделуі. Оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, аяқталуы барысында талдаулар жасалуы мен объективті бағалануы басқа ұйымдар мен адамдар үшін маңызды болып есептеледі. Рәсімделіп аяқталуына көңіл аудару жобалауға қатысушылар үшін де қажетті шара, өйткені олар белгілі бір деңгейдегі жұмысты қорытындылап, таратылады.
Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың өзіндік талаптары бар, олар:
Жүйелік көзқарастарға сәйкес, жүйенің белгілі бір бөлігін, немесе оның бір компонентін жобалау көзделмейді, олар біртұтас құрылым ретінде алына отырып, барлық кіші жүйелердің өзара әрекеттесуін басқару жобаланады. Бұл жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың тұтастығы негізінде күтілетін нәтижені нақтылау, оның мазмұнын, құралдарын, әдіс - тәсілдерін қамтитын мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі түрінде болады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы инвариант ретінде қызметтік құрылымы сақталып, олар басқарудың дәстүрлі қызметтерін атқару арқылы жүйенің тұрақтылығын, қызметтік тәртіптердің орындалуын жүзеге асырады. Оның қосымша міндеттері жобалау қызметін қамтамасыз ету: талдау, ұйымдастыру, жағдайлар туғызу, тапсырманың орындалу мерзімі мен деңгейін белгілеу, қадағалау.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі жүйедегі адам ресурстарын өзінің ықпал ететін объекті, немесе, нәтижеге қол жеткізуге қажет құрал ретінде қарастырмайды, оны дамыту нәтижесінде жалпы жүйенің дамуын қамтамасыз ете алатын жобалау субъектісі ретінде алады. Жобалау қызметін жүзеге асыру барлық деңгейлердегі жүйелерді басқарушылардың педагогтардың жаңа құзіреттіліктерін қажет етеді. Соған орай, жобалау қызметімен қатар, міндетті түрде жүйені басқарушылардың, педагогтардың құзыреттілігін дамыту сол ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс.
Жобалауға қатысушы педагогтарды ынталандыру, олардың жаңашылдықтары мен шығармашылығын қолдау, табысты болуға, өз бетімен шешім қабылдауына қолдау көрсету, кәсіби өсуіне, жоғары стандарттар деңгейінде жұмыс жасау жобалау қызметінің басты құндылықтары. Жобалау қызметі жаңа идеялар мен ұсыныстар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын жүйенің ішіндегі «белсенді топтар» құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде болады.
Жобалауға қатысушылардың – басқарушылардың, педагогтардың, білім алушылардың өзіндік білім алу мақсатын қоя алатын, өзінің мүмкіндіктерін дамытатын құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызылады.
Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе желілік – матрицалық болуын қажет етеді
Сонымен қатар, мақсаттық - бағдарлы жобаларды ұйымдастырудың нарықтық жағдайдағы материалдық және қаржылық тиімділігін төмендегі белгілері арқылы көрсетуге болады:
− жобалардың индикативтік сипаты - әрбір жобаның орындалу мерзімі мен көрсеткіштерінің жобалардың қажетті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді болуы;
− бірнеше салалар мен түрлі деңгейлердегі жүйелерді қамтитын күрделі және кешенді проблемаларды шешудегі негізгі мақсаттар мен міндеттердің жүйелі қойылуы;
− түрлі деңгейлердегі жүйелерді дамыту проблемаларын шешуде әдіснамалық және әдістемелік тұрғылардың бірлігі қамтамасыз етілуі;
− аз мөлшерде бөлінетін материалдық және қаржылық ресурстарды ең басты мақсатқа шоғырландыру (білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қамтамасыз ететін түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамыту проблемаларын шешу, мысалы, басқарушылар мен педагогтарды дайындау, ата – аналар мен қоғамдық ұйымдарды серіктестікке тарту, т.б.) мүмкіндігі;
− мақсаттық бағдарлы жобаларға бюджеттік қаржылармен қатар түрліше қосымша қаржы көздерін тарту жағдайлары болуы, кейде мақсаттық жобалардың перпективалық мазмұны жоғары бағалануы нәтижесінде жүйені дамытуға қосымша қаржылық мүмкіндіктер (гранттар, қолайлы кредиттер ) пайда болуы;
− педагогикалық жүйелерді дамытудың мақсаты мен міндеттерінің нақты құрылуын тексеру, оларды жүзеге асыруда қаржы көздерінің жұмсалуын бақылау үшін қоғамдық сараптамалар жасалуы.
Жобалау әдіснамасын құрастырушылардың бірі Джон Кристофер Джонстың айтуынша, «жобалауды проблеманы шешу ретінде қарастыру оның белгілі бір status quo–ны өзгертетінін ғана емес, өзіміздің жаңа мүмкіндіктерімізді білу мен оған көзқарастарымызды өзгертуге бағытталғанын түсіну».
Бұл өте маңызды тұжырым, өйткені, жобалау қызметі қалыптасқан тәжірибені өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар, жаңа құралдар, технологиялар, жаңа құрылымдар жасауға негіз болады. Ал, жаңаны құрастыру қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін, оның айналаға көзқарасын, өз ортасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |