Пәннің негізгі мақсаты: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын оқытудың мақсаты негізгі, қазақ әдебиеті пәнін жоғары мектепке оқытудың маман әдебиетші дайындау, студентке қазақ әдебиеттану ғылымын жүйелі түрде меңгерту, игеру міндетінен туындайды.
Сол орайда әдебиет тарихының ХІХ ғасырын қамтитын бұл курстың мақсаты ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны қазақ әдебиетінің тарихы, бай тарихын, әдебиет теориясы, әдеби сын аясында ала отырып, сол мұрамен сабақтастықта қарастырып, ғылыми негіздер жөнінен жүйелеп танысу, бұрын-соңды жасалған, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгере отырып, әдеби тарихи мәселелерін әрі қарай қарастыру , ғылыми негіздерді тарату, ашу, айғақтау, бекіту.
ХІХ ғасырда жаңа сапаға көтеріліп, түрлі жанрда жасаған бай әдеби мұраны көркемдік арналар, жаңа мән, сипаттарға ойысудың беталыс, бағдарлары, көркем ойдың даму заңдылықтары тұрғысынан ғылыми негіздеуді жетілдіру, жандандыру.
Пәнге қатысты меңгеруге тиіс:
ХІХ ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік болмыс, тарихи жағдай аясында қарастыра отырып, оның негізгі даму бағыттарын, көркемдік табиғатын нақтылы түр, жанрлық сипат жөнінен аша түсу.
ХІХ ғасыр әдебиетін Зар заман ағымы; Қоқан хандығы билеген өңірде туған әдебиет; Айтыс өнері; Сал-серілер поэзиясы; Қисса-дастандар; Еуропалық үлгідегі жаңа жазба әдебиет түрінен қарастырып, өзіндік сипаттарын ажыратып, аша түсу.
Түрлі жанрда, қилы мақсатта туып жасаған ХІХ ғасырдың бай әдебиетінің ара ірі, айтулы өкілдерінің шығармашылық мұрасымен нақтылы танысып, дара сипаттарын айқындай түсу.
ХІХ ғасыр әдебиеті – ұлтымыздың рухани асылының алтын кесегі. Сол әдебиеттің көркемдік болмысын ғылыми негіздеуді ілгері дамыту.
Пререквизиттері - 1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті – фольклор курсы.
2. Әдебиет теориясы.
3. Әдебиеттануға кіріспе.
4. Ежелгі дәуір әдебиеті.
5. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.
Постреквизиттіне жататын пән: 1. ХІХ ғ. әдебиеті
ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Апта
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағат саны
|
Бағасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |