Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1.Педагогикадағы əдіснамалық білім деңгейлері
2.Педагогикадағы əдіснамалық өзіндік ерекшеліктері
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің əдістері.
Тапсырманы орындау түрі: Ойлан, Жұптас, Пікірлес.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерге тапсырма, сұрақтар берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындау тапсырылады. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін студент жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Одан кейін студенттер өз пікірлерін бүкіл аудиторияға жариялайды.