Мектепке дейінгі ақыл-ойы кем балаларға көмек көрсету жүйесі туралы айтыңыз.
Арнайы мектептер жүйесі. Мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасындағы балалар арнайы білім беру стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алады. Кемтар балалар үшін арнайы білім беру мекемелерінің жүйесі XX ғасырдың басынан қалыптасып, дамыған. Қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін негізгі сегіз түрлі арнайы мектеп қызмет етуде. Интеллектісінде ауытқуы бар оқушылардың оқыту процесі - бұл толық жүйе, оқу процесінде логикалық реттіліктің құрылымының байланысынан тұрады. Бұл байланыстар ретімен қойылады,олар бір бірін толықтырады және білімді меңгеру процесінде жүзеге асырады. Компоненттер келесідей бөлінеді: оқушының оқу материалдарын қабылдау, оны ойлану, есте сақтау және меңгерген білімдерін қолдану. Материалды қабылдау оқушының танымдылық қызметінің соңғы сәті болады. Әрине қабылдап түсінуінің кемшілігі болады, одан түсінбеушілікке, тез ұмытуына алып келеді. Зерттеу көрсеткендей VIII түрлі арнайы мектептерде оқитын оқушыларда қабылдап, сезінуде таңдаушылық, ойланулары төмен болады.