11 семинар. Өнер философиясы. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми).
Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский).
XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).
XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.- П. Сартр. М. Хайдеггер).
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері.
Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары
Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары.
Қ.Нұрланова: «Адам - Әлем біртұтас» концепциясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.