Семинар Пысықтау сұрақтары: Төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?


Төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?



бет2/3
Дата10.12.2021
өлшемі17,3 Kb.
#78918
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
10-семинар Джумабаева Анель

2. Төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?

А. Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әліпбиінің маңызы зор болды. А. Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, 1914, 1925, 1926 жылдары әр түрлі басылымдарда елге танылды. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің қызметін А. Байтұрсынов жасаған әліпбиде 16 әріп пен дәйекше атқарған еді. Қазақ тілінің табиғатына сай келтіру мақсатында араб графикасына өзгеріс енгізген. Ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы А. Байтұрсынұлы әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды
(студенттердің назарына А. Байтұрсынов реформалаған қазақ әліпбиі ұсынылады)
Араб графикасына негізделген жазудың ерекшеліктері:
• Төте жазу оңнан солға қарай бағытталып жазылады.
• Араб әріптері 2 және 4 түрлі көріністе жазылады. Яғни, жеке жазылғандағы кескіні, сөз басындағы кескіні, сөз ортасындағы кескіні және сөз соңындағы кескіндері әр түрлі болады. 2 көріністегі әріптер: А, Ә, В, Д, У, З, О, Ө, Р, У, Ұ, Ү, Һ, Э – оң жақ әріппен қосылып жазылады да, сол жақ әріппен қосылмай бөлек жазылады. Ал қалған әріптер 4 көріністе, яғни оң жағымен де, сол жағындағы әріптермен де қосылып жазылады.
Білім алушының іс - әрекеті: мұқият тыңдайды, «түртіп алу» әдісін қолданып, жаңа сабақтың материалын дәптерге жазады.

3. Төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз?

Осы әліпбиде < ұ>, , дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау қиынға соқты. Бұған араб графикасындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп еді. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды белгісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фонема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгісі арқылы ажырайды: /ұ/ /о/ және /у/ графемасы. Ғалым: “о мен ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал) деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да, қалдырмай жазу керек. Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде тның ж-ның қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін, үстіне () қоямыз. Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген қалыпта айтарға тиіс” деген. Бірақ сонда да мен -дың арасын айыру қиындығы болғанға ұқсайды: “у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның рдың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У-сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буынында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура, тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне () қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес” деді. Бірақ бұған қарсы пікірлер бірден айтылады. Мысалы, Ш.Жияшев «Ол و дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза, و . еш уақытта у болмас. Белгі әр заман в орнына тұрып, волыс, вагон сықылды сөздерде жазылашақ» десе, А.Жанталин: «و, ي (ве) харіптерін жарты дауысты дыбыстар деп көрсетуі маған онша ұнап жетпей тұрады. Неге десеңіз бұрыннан бізде жазылып келе жатқан و) ве) дыбысы орысшаның в харпіне тура келеді» дейді. “Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жерлерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тілінде екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, туғра, туғыш” деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшылайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естіл-се де, жалғыз /у/ әрпімен беруді ұсынады. Мысалы, ашу, ашула-ну, тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объ-ектіні бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы, ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты

4. Төте жазумен қай еңбектер жазылды?



Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7 - 9 ғасырлар аралығында таралған. Әл – Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып - өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. “Қадым” деп аталған бұл жазу арқылы қазақ тіл дыбыстарын толық жеткізу мүмкін болмады.
Ескі араб жазуын қолданудағы қиындықтарды еңсерудің жолын А. Байтұрсынов табады. Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А. Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әліпбиінің маңызы зор болды. А. Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, 1914, 1925, 1926 жылдары әр түрлі басылымдарда елге танылды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет