Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 30 сағат Барлығы 90 сағат Орал 2010 ж



бет11/57
Дата05.02.2022
өлшемі1,23 Mb.
#17439
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Семинар мазмұны:
Б. з. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері. Б. з. д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар араласуыныц әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті — қазіргі Пәкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдср. Веда тілі — ритуалдық әнұрандар тілі; Санскрит, пали - буддистер тілі; джайндар - пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махарашпри/ және апабхраншу /діни қауымдастық/ тілі.
Ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың аздығы. Кез келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалық, тарихи — бәрінің де өлеңмен де, прозалық түрде де жазыла бергені. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика, астрономия, сәулет туралы бәрі де өлеңмен жазылған. Ежелгі үнділік романның нақыш-өрнек қолөнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.
Веда әдебиеті "веда" — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім" ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда әдебиеті /әнұрандары ведасы/ негізін құрайды /"риг" сөзі "әнұран" ұғымын береді/. "Самаведа" — салтанатты өлең айту ведасы ("саман - әуен"). "Яджурведа" — құрбандық нақылдарыныц ведасы (яджус — "құрбан", "құрбандық" формуласы). "Атхарваведа" — дуалау, арбау ведасы (атхарван — "арбау", магиялық формула).
1. Б.з.д. бірінші ғасыриидагы санскрит әдебиеті. Әдеби эпостың, драманың, лириканың өкілдері. Ашвагхоши II ғ., Бхасы /III-IV ғғ./ және Халы /IІІ-IV ғғ./. Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодтар мсн диалогтар, өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар.
Ежелгі үнді драмасы. Жоғары тәңірі Брахмага драманы жасау туралы жазылған "Натьяшастра" /"Драма ғылымы"/ атты тұңғыш санскриттік трактат. Трактаттагы Брахманың театр өнерін жерге жібергені туралы. "Натьяшастрада" оның негіздерін жазғаны туралы аныздың айтылатыны.
2. Б. з. д. IV—VIII ғ. Санскрит әдебиеті. Үнділік орта ғасырдағы Гуптар әулеті билеген империя. Әдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі.


Әдебиеттер:

  1. Индия ертегілері / Ауд. Ш. Сулейменов, Р. Рүстембекова, Ф. Дінисламов. Алматы, 1958.

  2. Тебегенов Т. Үнді әдебиеті // Тебегенов Т. Шетел әдебиеттері тарихы. Алматы, 1996.

  3. История мировой литературы в 9 томах.

  4. Шәлекенов У. X., Шәлекенов М. У. Әлем халықтарының этнологиясы. — Алматы, 2002.

  5. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  6. История мировой литературы в 9 томах.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет