Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж



бет108/140
Дата06.02.2022
өлшемі2,18 Mb.
#38528
түріСеминар
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   140
Қарастырылатын сұрақтар:
Жазба әдебиеті бастаулары.Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббатты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б.
Дәріс мазмұны:
Жазба әдебиеті көне дәуірден басталады. Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббаты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) «Хұсрау және Шырын» (1342) поэмасы мен Хорезмидің «Махаббат кітабы»(1354),беріректегі Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жолы» (1370) мен Мұхамедиярдың әр алуан поэмаларын (16ғ.) атауға болады. Феодализм дәуіріндегі татар жазба әдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның өкілдері: Мавля Кули (17ғ.2-жартысы), Утыз Имяни(1754-1834), Шамсетдин Заки (1825-65) және т.б. болды. 18 ғ-дағы әдебиетте саяхатнамалар (Ғали Чокри, 1826-89) басым болса, 19ғ-да діни мадақ өлеңдер, хат, әңгімелердің авторларымен қатар, Әбділманих Ғабдессалямолв –Қарғалы (1782-1828), Ғабделжаббар Қандали(1797-1860), Мифтахетдин Ақмолла (1831-95), Яков Емельянов (1848-99) тәрізді татардың реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан бір топ ағартушы ақын-жазушылар әдебиет майданына келді.
19ғ. әдебиетінде мұсылмандық схоластикаға қарсы ағартушы-демократиялық бағыт кең өріс алды.бұл тұста Әбунасыр Курсави (1776-1818) бастаған антифеод. күресті Шигабутдин Маржани (1813-89) одан әрі жалғастырадлы. Каюм Насыри (1825-1902) өзінің әдеби, ғылыми пед.еңбектерімен ттардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалады. Ақмолла, Загир Бигеев (1870-1902), Ғадірахман Ильяси (1856-95), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамгершілік, ізгілік пен зұлымдық, надандықтың бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923) бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы әдебиетте революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция тұсында татар тілінде газет,журналдар шыға бастады, әдеби-сын, революциялық публистицтика дамыды. Дәл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-1934),Ғ.Камал (1879-1933), Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тәрізді ақын, жазушылар жігерлі үн қосты. Рев.-демокр. идеология мен либералдық-буржуазия күшейе түсуі пролет.әдебиеттің тууына жол салды. Бұл жағдай революционер – жазушы Ғ. Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. әдебиетке С.Рамиев (1880-1926), З.Ярмаки (1890-1965),Ш.Бабич (1895-1919), Мұхаммед Ғали (1893-1952),Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-1928), К.Тинчурин (1887-1947) тәрізді ақын, жазушылар қосылып, Ұлы Октябрь революциясын құшақ жая қарсы алды. Азамат соғысы жылдары әдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт (1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), А.Шамов (1901ж.т.), Б.Рахмат(1897-1957) тәрізді жауынгер жазушылар келіп қосылды. Татар совет әдебиетінің 20 жылдардағы туындылары Ғ.Ибрагимовтың «Қызыл гүлдар» (1922) повесі мен «Терең тамырлар» (1928) романында, Ш.Камалдың «Таң сәріде» (1927) романы мен Қ.Нажмидың «Шұғылалы соқпақ», «Күн астындағы жаңбыр» (1930) повестреніде, сондай-ақ Ф.Бурнаш (1898-1946), Х.Туфан (1900 ж.т.) шығармаларында жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелері жасалып, дәір көріністері эпикалық сипат алды. 30 жылдары татар әдебиетінде соц.реализм қалыптаса бастады. Еңбек, коллективтендіру, өндіріс тақырыбы өз шешімін тапты. Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) «Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) «Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең әдебиетінен адамның рузани өмірін филос.мәнмен жырлайтын А.Файдидің (1903 – 58) «Флейталар» поэмасы мен «Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Әдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде болды. Комедия жанрларында К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.) тәріздес жазушылар көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ақын, жазушылар майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаламымен де, қаруымен де қажырлы еңбек етті. Мұса Жалил, Ф.Карим, С.Хаким (19911 ж.т.), М.Садри (1903 ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен Нәжми, Ғази, Х.Усманов (1908ж.т.), Т.Гиззат (1895-1955). Н.Исанбет (1900ж.т.) шығармалары соғыс жылдарының әдеби жылнамасына айналды. Мұса Жалилдің «Моабит дәптері» кейін тарихи өшпес даңққа бөленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет