Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж



бет98/140
Дата06.02.2022
өлшемі2,18 Mb.
#38528
түріСеминар
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   140
Қарастырылатын сұрақтар:
Түркімен халқы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның түрлері. Батырлық эпос – «Көрұғылы» / «Гер-оғлы»/. Бұл эпостың басқа түркі тектес халықтардағы нұсқаларынан айырмашылығы. Романтикалық жырлар – «Ғариб пен Сәнем», «Асыл мен Керім», «Таһир мен Зухра» т.б. жырлардың ауыз әдебиетіндегі орны.
Дәріс мақсаты: Студенттерге түркімен әдебиетінің қалыптасу, даму белестері туралы мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны:
Т. әдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер циклі Т. әдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы әдебиеттегі жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. әдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» (төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» дастанын жазды. Кемине (Мәмедәлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.
Совет дәуіріндегі Т. әдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. шығармалары әйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің (1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.
1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. әдебиетінің творчеств. әдісі соц. Реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Т. совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» (1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 жылдары Т. әдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас әдебиетшілер келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» (1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың «Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен әңгімелері басылды.
Түркімен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.

20 Дәріс. Аристофанға дейінгі көне грек комедиясының дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет