Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


 ПƏН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖƏНЕ ТАПСЫРУ



Pdf көрінісі
бет51/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

3. ПƏН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖƏНЕ ТАПСЫРУ 
КЕСТЕСІ 
№ 
Жұмыс 
түрі 
Тапсырма
ның
мақсаты 
мен
мазмұны 
Ұсынылат
ын
əдебиетте
р 
Орындау
мерзімі жəне
тапсыру
уақыты 
Балл 
Бақылау 
түрі 

ОЖСӨЖ 
тапсырма
лар-ын 
орындау 
Теориялы
қ білімнің 
меңгерілуі
н 
бақылау, 
берілген 
тапсырма
лардың 
орындалу
ын 
тексеру 
 ОЖСӨЖ 
тақырыб
ына 
байланыс
ты 
1- 15 апта 
100% 
 Ауызша 
тапсырм
а. 
зерттеул
ер
қорыты
ндылар
ы, 
Жаттығу
лар, 
баяндам
а 

СӨЖ 
тапсыр- 
Малары 
Студентті
ң өз
бетімен 
жасаған 
жұмыстар
ын 
тексеру.
Жан-
жақты 
ізденуге,бі
лімін 
дамытуға 
үйрету 
СӨЖ 
жоспар- 
лары 
бойынша 
Сабақ 
кестесі 
бойынша 
100 % 
Тапсырм
а 
орындал
уын, 
ауызша, 
жазбаша 
жəне 
орындау
қабілетін

білімділі
гін 
тексеру 

Жеке 
тапсырма 
(реферат, 
баяндама) 
 
Талдау 
жəне 
танымды
қ
қабілеттер
ін
арттыру 
 4,7,11,15 
апта
100% 
Тапсырм
алардың 
орындал
уын, 
сұрақтар
ға
жауап 
беру 
қабілетін


тексеру 

Жазба 
жұмыс 
түрінде 
аралық
бақылау 
Ойлау 
қабілетін
тексеру 
Бірінші 
жұмыс 1-
15
тақырыпт
арға 
байланыс
ты. 
Екінші
жұмыс 15-
30 
тақырыпт
арға 
байланыс
ты. 
№7 семинар 
№15 
семинар 
Тапсы
рмала
р саны 
бойын
ша 
əрбір
жұмыс 
100% 
баға- 
ланад
ы 
Жазба 
жұмысы
н 
тексеру. 

Емтихан 
Білімді 
кешенді 
тексеру 
Пəн
бойынша 
Жазғы
сессия 
Тест 
Студентт
ің 
білімін
бағалау. 
4.Пəннің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілу картасы. 
№ 
Əдебиет атауы 
Барлығы 
Еске
рту 
Кітап-
ханада 
Кафе
-
драда 
Студе
нт-
тердің 
қамты
лу 
пайыз
ы 

Элек-
тронд
ы түрі 
1. 
Античная 
литература 

А.Ф.Лосев, 
Г.А.Сонкина, А.А.Тахо-Годи и др. - М., 
1986. 

 
 
 
2. Никола М. И. Античная литература: 
Практикум. — М., 2001. 

3. История 
зарубежной 
литературы: 
Средние 
века. 
Возрождение 

М.П.Алексеев, 
В.М.Жирмунский, 
С.С.Мокульский, А.А.Смирнов. — М., 
1987. 

4. Пуришев 
Б.И. 
Литература 
эпохи 
Возрождения: Курс лекций. — М., 1996. 

5. Шайтанов И.О. История зарубежной 
литературы: Эпоха Возрождения: В2т. — 
М., 2001. 



6. История зарубежной литературы XVII 
века / Под ред. 3. И. Плавскина. — М., 
1987. 

7. История зарубежной литературы XVIII 
века / Под ред. 3. И. Плавскина. -М., 1991. 

8. История зарубежной литературы XIX 
века: В 2 ч. / Н. П. Михальская, 
В.А.Луков, А.А.Завьялова и др.; Под ред. 
Н.П.Михальской. — М., 1991. 

9. Зарубежная 
литература 
XIX 
века: 
Практикум / Отв. ред. В.А.Луков. — М., 
2002. 

10

Зарубежная 
литература 
XX 
века: 
Практикум / Сост. и общ. редакция 
Н.П.Михальской и Л.В.Дуловой. - М., 
1999. 

11

Храповицкая Г.П., Коровин А.В. История 
зарубежной 
литературы: 
Западноевропейский 
и 
американский 
романтизм: Учебник. — М., 2002. 

12

История зарубежной литературы конца 
XIX — начала XX в.: Курс лекций / Под 
ред. М.Е.Елизаровой и Н.П.Михальской. 
— М., 1970. 

13

Аникин Г.В., Михальская Н.П. История 
английской литературы. — М., 1985. 

14

Андреев Л.Г., Козлова, Н.П., Косиков Г.К. 
История французской литературы. — М., 
1987. 

15

Штейн А.Л., Черневич М.Н., Яхонтова 
М.А. История французской литературы. 
— М., 1988. 

16

История немецкой литературы. — М., 
1975. 

17

Плавскин З.И. Испанская литература XVII 
— середины XIX века. — М., 1978. 

18 Плавскин З.И. Испанская литература 
XIX—XX веков. — М., 1982. 

19

Полуяхтова И.К. История итальянской 
литературы XIX века. — М., 1970. 

20

Дератани Н.Ф., Тимофеева Н. А. 
Хрестоматия по античной литературе: В 2 
т. — М., 1965. 

21

Пуришев Б.И. Зарубежная литература 
средних веков: Латинская, кельтская, 
скандинавская, 
провансальская, 
французская литературы. — М., 1974. 



22

Пуришев Б.И. Зарубежная литература 
средних веков: Немецкая, испанская, 
итальянская, 
английская, 
чешская, 
польская, 
сербская, 
болгарская 
литературы. — М., 1975. 

23

Зарубежная 
литература: 
Эпоха 
Возрождения: Хрестоматия / Сост. Б. И. 
Пуришев. - М., 1976. 

24

Западноевропейская литература XVII 
века: Хрестоматия / Сост. Б. И. Пуришев; 
Предисл. и подготовка изд. В.А.Лукова. 
— М., 2002. 

25

Хрестоматия по зарубежной литературе 
XVIII века: В 2 т. / Сост. проф. Б. И. 
Пуришев и др. - М., 1970-1973. 

26

Хрестоматия по зарубежной литературе 
XIX века / Сост. А. А. Аникст. — М., 
1955. 

27

Зарубежная 
литература: 
XIX 
век. 
Романтизм, 
критический 
реализм: 
Хрестоматия / Под ред. Я.Н.Засурского. 
— М., 1979. 

28

Храповицкая Г.Н., Ладыгин М.Б., Луков 
В.А. Зарубежная литература XX века: 
Хрестоматия. — Т. 1: 1871 — 1917 / Под 
ред. проф. Н.П.Михальской и проф. 
Б.И.Пуришева. — М., 1980. 

29

Михальская Н.П., Храповицкая Г.Н., 
Луков В.А. и др. Зарубежная литература 
XX века: Хрестоматия — Т. 2: 1917—
1945 

Под 
ред. 
Б.И.Пуришева, 
Н.П.Михальской. — М., 1986. 

30

Михальская Н.П., Храповицкая Г.Н., 
Луков В.А. и др. Зарубежная литература 
XX века: Хрестоматия. - Т. 3.: 1945-1980 / 
Под ред. Б.И.Пуришева, Н.П.Михальской. 
— М., 1986. 

31

Дератани Н.Ф., Тимофеева Н. А. 
Хрестоматия по античной литературе: В 2 
т. - М., 1965. 

 
Əлем əдебиеті пəні бойынша глоссарий 
 
1. 
Антикалық əдебиет
- латынның “антикус” сөзі қазақшаға аударғанда “көне”, 
“ежелгі” деген мағынаны білдіреді, яғни, антикалық əдебиетті көне, ежелгі дəуір 
əдебиеті деп түсінген жөн. 


2. 
“эллинизм дəуірі
” немесе 
“эллиндік кезең”
– ірі құлиеленушілік қарым-қатынастар 
дəуірі. 
3. 
“полистер”
- шағын қалалық мемлекеттердің орнына тарих сахнасына шыққан ірі 
əскери-монархиялық бірлестіктер
4. 
дифирамб
– Дионис құдайға арналып айтылатын мадақ əн 
5. 
Сатирлер
– түр-əлпеті ешкіден аумайтын, адам қалпындағы мақұлықтар (демондар) 
6. 
Тирандар
- Грекиядағы жаңадан дамып келе жатқан демократиялық мəдениеттің 
бастаушыларын атады. 
7. 
“мелос”
- əндік лирика
8. 
«Эмбаторий»
- шабуылдық əн
9. 
трубадурлар 
- рыцарлық əдебиеттің алғашқы негізін қалаушылар, ақындар (trobar-
іздеу, табу.).
5. Дəрістік кешен (дəріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті 
əдебиет тізімі). 
 
№1 Дəріс. Пəнге кіріспе.
Антика мифологиясы
.
 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Көне дəуірлердегі Грекиядағы алғашқы қоғамдық – 
тарихи құрылым – қауымдық құрылыс. Қауымдық идеология. Грек мифологиясының 
бастаулары.
Дəріс мақсаты: 
Көне дəуір, яғни антика əдебиеті жəне мəдениетінен толықтай 
хабардар болу. 
Дəріс мазмұны: 
Туған тілдің мемлекеттік дəреже алуы өзіміздің ана тілімізде көршілес елдермен 
шетелдің мəдени-рухани құндылықтарын игеріп, салыстырмалы тұрғыда меңгеруге 
жол ашты. Қазақ өзінің дүнияуи (материалдық) жəне рухани жетістіктерін Шетелге 
таныстырып, ырзығына ортақтастығына ынталы ел екендігін ескерсек, сондай 
ынтызарлықпен өзге елдің де жетістіктеріне зер салып, ең болмағанда шетелдің 
əдебиетін меңгеруге ұмтылуы бұл да, құптарлық.
Көне дəуірлердегі Грекиядағы алғашқы қоғамдық – тарихи құрылым – қауымдық 
құрылыс. Алдымен ауызша, соңынан жазбаша формадағы əдебиет үлгілерін өмірге 
əкелген грек халқының бүкіл бітім-болмысы мен тұрмыс-тіршілігі осы құрылыспен 
тығыз байланысты. Бұл кезде мемлекет пен оған байланысты қоғамдық институттар 
əлі пайда болған жоқ, сондай-ақ əлеуметтік-экономикалық салалар да орнықты дами 
қоймаған болатын. Осындай қауымдық құрылым жағдайында өмір сүрген адамдардың 
санасы, олардың өмірге деген көзқарасы мен ол туралы наным-сенімдері, ұғымдары да 
осы тарихи белеспен тығыз байланысты, оған тікелей тəуелді болды. Қандай да 
болмасын қоғамдық топ тек стихиялық-ұжымдық (коллективизм), яғни туыстық 
қарым-қатынастар негізінде ғана пайда бола алды. Бұл жағдай қауымдық 
идеологияның пайда болуына себепші болды да, ал бұл идеология, өз кезегінде, адам 
өміріндегі, оның ішкі жан-дүниесі мен сыртқы ортасындағы қандай да болмасын 
құбылысты танып-білу мен сараптау əрекеттерінің барлығына да тікелей ықпал етті.
Сонымен, алғашқы қауымдық идеология – ең алдымен, туыстық қарым-
қатынастар идеологиясы. Не себепті? Себебі, осы көне дəуірлерде тіршілік құрған 
адамдарға жалпы қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрі ғана таныс, түсінікті 
болды. Ежелгі гректер мұндай қарым-қатынастар тек жанды құбылыстардың ғана 
арасында болады деп есептеді. Сол себепті қауымдық құрылыс өкілі табиғат жəне 


əлем туралы ой қозғаса, бұл нəрселер оған жанды жəне бір-біріне жақын құбылыстар 
болып көрінді. Яғни, бүкіл ғалам, бар космос жанды нəрселерден тұрады, сонымен 
қатар бұл құбылыстар да адамдар секілді белгілі бір қауым құрайды.
Сөйтіп, Күн, Ай, жұлдыздар, өзен-көлдер, тау-теңіздер жəне тағы басқалары бір-
біріне деген белгілі бір туыстық қатынастары бар жанды нəрселер болып түсінілді. Бұл 
құбылыс ғылымда “мифология” деп аталады. Сөйтіп, мифология – алғашқы қауымдық 
құрылыстың идеологиясы болып саналады.
Антикалық əдебиет ғасырлар бойы қалыптасып дамыған халық ауыз əдебиетінен 
бастау алып, өз бойына оның көптеген қасиеттерін қабылдады. Ежелгі римдіктер 
өздерінің дербес, ұлттық наным-сенімдері бола тұра (олардың бізге кейбір жұрнақтары 
ғана жеткен), б.э.д. ҮІ ғасырдан бастап грек мифологиясына көшіп, грек құдайларына 
римше, яғни датынша атау бере бастаған. Римдіктердің өзіндік мифологиясы грек 
мифтерімен толысып, грек мифологиясымен қатарласа дамыды. Бізге рим 
мифологиясының көптеген үлгілері белгілі, əсіресе ежелгі рим аңыздары: Ромулдың 
Рим мемлекетінің негізін қалауы, Эней батыр туралы, Горацийлер мен Куриацийлер 
арасындағы қанды қырғын, өз-өзіне қол жұмсаған Лукреция, Римді күйреуден аман 
алып қалған қаздар туралы аңыздар жəне т.б.
Грек мифологиясының бастаулары. 
Антикалық теогонияны (яғни құдайлардың пайда болуы, өсіп-өрбуі) төмендегідей 
схема арқылы қарастыруға болады: түпсіз Хаостан (тұңғиық, түпсіздік, тəртіпсіздік) – 
Космос (тəртіп, əлем, сұлулық, үйлесім) пайда болады. Сонымен қатар алғашқы 
құдайлар да, яғни құдайлардың бірінші ұрпағы дүниеге келген: Гея (Жер), Никта 
(Түн), Эреб (Қараңғылық), Тартар (Тұңғиық), Эрос (Махаббат). Геядан Уран (Аспан) 
мен Понт (Теңіз) дүниеге келеді. Бұл құдайлардың сыртқы тұлғалық пішіні жоқ, олар 
көп жағдайда табиғи стихиялармен теңестіріледі. Бұлар құдайлардың алғашқы, бірінші 
ұрпағы боп саналады.
Құдайлардың екінші ұрпағы осылапдың бір-бірімен құрған некесінен туындайды. 
Эреб пен Никта өмірге үш мойраны (тағдыр иесі əйел құдайлар: Лахесис өмір жолын 
өлшеп береді, Клото тағдыр жібін иіреді, ал Атропос оны қияды), үш эринияны (кек 
алушы əйел құдайлар: Алекто, Мегера жəне Тизифона), Гипносты (ұйқы құдайы), 
Момды (ащы мысқыл құдайы), Немезиданы (əділ жаза беруші əйел құдай), Танатосты 
(ажал құдайы), Харонды (өлген адамдардың жанын Стикс өзені арқылы өлілер 
патшалығына жеткізуші), Эриданы (дау-жанжалдың əйел құдайы), Эфирді (ауа 
стихиясы) жəне т.б. əкелген. Гея мен Хаос қорқынышты жылан Пифонды туса, Гея 
мен Тартар аузынан от шашқан дəу Тифон мен жартылай əйел-жартылай жылан 
Ехиднаға өмір берген. Гея мен Понт - Нерейді (теңіз астының мейірімді қария иесі), 
теңіз құбыжықтарының əміршілері – Форкий мен оның жұбайы Кетоны дүниеге 
əкелген. Гея мен Уран - үш гекатонхейрді (жүз қолды, елу басты дəулер), үш 
циклопты (бір көзді дию), 13 алыпты (гигант), 12 титанды (олардың ішінде Океан, 
оның жұбайы Тефида, Гиперион, оның жұбайы Тейя, Фемида - əділ сот, Крон – Уақыт, 
оның жұбайы Рея бар) жəне т.б. таратқан. 
Крон мен Реядан құдайлардың үшінші ұрпағы тарайды: Гестия – шаңырақтың 
əйел құдайы, Деметра – табиғаттың гүлдену, жетілуінің əйел құдайы, Гера – неке 
құдайы, Аид – жер асты елінің патшасы, посейдон – теңіз құдайы, Зевс – Кронның 
кенже ұлы, грек пантеонының ең жоғарғы əміршісі. Осы ұрпаққа Океан мен 
Тефиданың ұрпақтары жатады: өзен-көлдердің 3000 құдайы, 3000 океанидтер 
(олардың ішінде Азия, Калипсо, Плуто, Стикс, Электра бар), Нерей мен Дориданың 
ұрпақтары – 50 нереидтер (олардың ішінде Фетида, Галатея бар), Гиперион мен 


Тейяның ұрпақтары – Гелиос (күн құдайы), Селена (Ай ханшайымы), Эос (таңғы 
шапақтың əйел құдайы), Тавмант пен Электраның ұрпақтары – Ирида 
(кемпірқосақтың əйел құдайы), гартиялар (қорқынышты жартылай əйел-жартылай 
құстар), Форкий мен Кетоның ұрпақтары – Ладон (Атлас тауындағы алтын алмалы 
бақты қорғаушы айдаһар), граялар (тумысынан ақ шашты, үшеуге ортақ бір көзді жəне 
бір тісті кемпірлер), горгоналар (Медуза, Сфено, Эфриала) жəне т.б. Тифон мен 
Ехиднаның ұрпақтары – Кербер, Лерней гидрасы, Немей арыстаны, Зевстің қыраны, 
Орф, Сфинкс, Химера: Иапет пен Клименаның ұлдары – Атлант, Прометей жəне т.б.
Құдайлардың 4 ұрпағына Зевстің 2 ұрпаққа жататын əйел құдайлармен бірлесіп 
өмірге əкелген балалары жатады. Оның екінші жұбайы Фемидадан – оралар (тəртіп 
пен əділдіктің əйел құдайлары), Мнемозинадан – музалар (өнердің əйел құдайлары: 
Каллиопа (эпикалық поэзия), Клио (тарих), Мельпомена (трагедия), Полигимния 
(салтанатты гимндер), Талия (комедия), Терпсихора (би), Урания (астрономия), 
Эвтерпа (лирикалық поэзия), Эрато (махаббат поэзиясы)) өмірге келген.
Зевс жəне 3 ұрпаққа жататын əйел құдайлардан: бірінші жұбайы Метидадан – 
даналықтың əйел құдайы Афина, Эвриномадан – хариталар (сұлулық пен тіршілік 
қуанышының əйел құдайлары), Плутодан – Тантал, Летодан – Аполлон (өнер мен 
көркемдік шабыт құдайы) мен Артемида (аңшылықтың əйел құдайы), Деметрадан – 
Персефона, үшəншə əйелі Герадан – Арес (соғыс құдайы), Геба (жастық шақтың пірі), 
Гефест (от пен ұсталық өнер құдайы) тараған.
Зевс пен 4 ұрпаққа жататын əйел құдайлардан: Эгинадан – Эак (өлілер 
патшалығындағы сот), Майядан – Гермес (сауда құдайы жəне құдайлар хабаршысы) 
өмірге келген.
Сонымен қатар, Зевстің ұрпақтары – Ү-ХІІ ұрпақтарға жататын əйел құдайлар мен 
адамдардан туған құдайлар мен батырлар: Семеладан – Дионис (шарап жасау ісінің 
құдайы), Ледадан – Сұлу Елена, Данаядан – Персей, Алкменадан – Геракл. ІҮ ұрпаққа, 
сонымен бірге, Посейдонның ұлдары (Антей, Тритон, Пегас, Протей, Полифем, Тезей 
жəне т.б.), Атланттың ұрпақтары – плеядалар, Гелиостың балалары – Фаэтон жəне т.б. 
жатады.
Құдайлардың ұрпақтан-ұрпаққа қарай өсіп-жетілу барысында мынадай тенденция 
байдалады: алдымен нақтылы пішінсіз, жыныссыз бастау – сонан соң табиғи 
стихиялар – құбыжықтар – адамға ұқсас құдайлар – батырлар (ажалды пенделер), яғни 
Хаостан (түпсіз, пішінсіз, қараңғы да мағынасыз тұңғиықтан) – əсем де сұлу, заңды да 
үйлесімді əлем Космосқа, жағымсыз, сүйкімсіз формалардан - əсем, үйлесімге толы 
формаларға деген қозғалыс.
ІІІ жəне ІҮ ұрпаққа жататын құдайлар негізгі антикалық құдайлар тобын құрай
ды. оларды кейде 12 Олимп құдайы деп те атайды. грек мəдениетімен бірге 
наным-сенімдерін де қабылдаған римдіктер грек құдайларына өз римше атаулар берді: 
Зевс – Юпитер, Гера – Юнона, Аид – Плутон, Посейдон – Нептун, Гестия – Веста, 
Деметра – Церера, Аполлон – Аполлон, Арем – Марс, Гермес – Меркурий, Гефест – 
Вулкан, Афина – Минерва, Артемида – Диана, Дионис – Вакх, Бахус, Афродита – 
Венера, Эрос – Амур, Крон – Сатурн, Ника – Виктория, Пан – Фавн, Тихе – Фортуна, 
Эос – Аврора, мойралар – паркалар, музалар – каменалар, хариталар – грациялар, 
Геракл – Геркулес, Одиссей – Улисс жəне т.б.
Дионистік жəне аполлондық бастау.
Əйгілі неміс философы Ф.Ницше өзінің «Трагедияның музыка рухынан пайда 
болуы» (1872) атты еңбегінде екі ежелгі грек құдайының есімін пайдалана отырып, 
жалпы адамзат мəдениетіндегі бар бір-біріне қарама-қарсы екі бастау, екі сарынды 


көрсетіп берді. Біріншісі – дионистік бастау (өміршең, асау сезім, сонымен қатар 
надан, қараңғы, ессіз оргияға бейім сарын), екіншісі – апллондық бастау (ақыл, 
парасат, логика, сұлулық пен нұрға талпыныс), Ницшенің пікірінше, ең жан-жақты 
дамыған адам, яғни идеал адам – осы өз бойындағы екі бастауды бір-бірімен 
ұштастыра алған, оларды бір-бірімен теңестіре алған адам деп есептейді. Шын 
мəнінде, нұрлы да парасатты Аполлонның бойында көлеңкелі тұстар да бар, ал 
қараңғы да асау сезімді Дионистің бойында ақыл мен əсемдік жұрнағы да табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет