Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№15 дəріс. Тақырыбы: Қырғыз əдебиеті



Pdf көрінісі
бет69/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№15 дəріс. Тақырыбы: Қырғыз əдебиеті 
Қарастырылатын сұрақтар:
Тарихи кезең. Қырғыз фольклорының шырқау 
биігі – «Манас» эпосы. Тоқтағұл Сатылғанов.
Дəріс мақсаты: 
Студенттерге қырғыз əдебиеті салаларының жалпы даму 
барысынан мəлімет беру. 
Дəріс мазмұны: 
 
Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы. «Манас» туралы алғашқы 
дерек шығыс оқымыстысы Молла-ад-Диннің «Маджмуат - тауарих» атты еңбегінде 
(16ғ) ұшырасады. Қырғыз халқының ежелгі ауыз əдебиетінің нұсқаларынан «Манас» 
эпосынан басқа «Кедейхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» т.б.жыр-
дастандары сақталған. Түркі тектес өзге халықтардың ауыз əдебиетіндегі сияқты 
қырғыз халқының фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мəтел, тұрмыс-салт жырлары 
т.б. мол дамыған. Қырғыз ауыз əдебиетінің əр алуан жанрдағы үлгілері көп. олардың 
дені əуел бастағы шығармалардың аты-жөні сақталмағандықтан халық шығармалары 
болып саналады. 19ғ-дың ортасында жасаған Қолығұл, Арыстанбек секілді 
ақындардың «Тар заман», «Ақыр заман» атты өлеңдері мəлім. 19ғ-дың 2-ші 
жартысында ақын Молдо Қылыш Шашырқановтың (1866-1977) шығармалары 
Мəшһүр болған. Оның «Жынды су», «Алдамшы», «Керме тау», «Қыз бен жігіт», «Қара 
Қошқар», «Бүркіт тойы», «Зар-заман» т.б. жырлары халық арасына кең тараған. Халық 
мүддесін көздеген көптеген жыр шығармаларымен қатар оның кейбір 
шығармаларында идеялық қайшылықтар кездеседі. Бұл кезеңде қырғыз халқының 
нағыз рухани жаршысы, демократ ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың (1864-1933) 
шығармаларындағы үлкен рөл атқарды. Ол шығармаларында езілген топ мүддесін 


жоқтап, бай, манаптарды шенеді. Ақынның кеңес дəуіріндегі шығармаларының негізгі 
тақырыбы –халық, партия, Ленин, жаңа өмір, жасампаз еңбек болды. Суырып салма 
ақын Борпы Алықұлов ты (1884-1949) төңкеріске дейінгі жылдарында («Қатал хан», 
«Бақташы жыры», «Жетім»т.б.) əлеуметтік теңсіздікке, қанаушылыққа қарсылық 
білдіреді. Кеңес дəуірінде жаңа өмір жетістіктерін жырға қосты. Тоғалақ Молда 
Абдрахманов (1860-1942) суырып салма ақын болуымен қатар, шығармаларын жазып 
та тартты. Оның өлеңдері, дастандары мен сатиралық шығармалары халық арасына 
кеңінен белгілі. Ол кеңес тұсында да көптеген жырлар, поэмалар жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет