2.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Əлем халықтарының əдебиеттері рухани
мəдениеттің ең негізгі арнасы болып саналады. Дүние жүзінің барлық құрлықтарын
ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан байырғы халықтардың бəрінің де əдеби-
фольклорлық мұралары бар. Ол мұралар жалпыадамзаттық дүниетанымның ортақ
кеңістігін құрайды. Сөз өнері - фольклор мен əдебиет бірлігінің көрсеткіші.
Əдебиеттердің эстетикалық жүйесінде əр түрлі халықтардың мəдениет
қазыналары айқындалады.
Курс мазмұнында қарастырылған дəуірлер тізбегі мынадай: 1. Антикалық əдебиет
(ежелгі грек жəне рим əдебиеті), 2 - Ортағасырлық əдебиет (1200 жылдай уақытты
қамтиды), 3 – Қайта Өрлеу (Ренессанс) жəне Жаңа заман əдебиеті, 4 – ХҮІІ, ХҮІІІ,
ХІХ, ХХ ғасырлар əдебиеті жəне олардың ең көрнекті өкілдері. Сонымен қатар шығыс
халықтары жер бетіндегі адамзаттың үлкен бөлігін құрайды. Шығыс сөзінің
географиялық кеңістік ауқымына мемлекеттік құрылымы бар көптеген елдер
кіреді. Мысалы, Жапония, Индонезия, Солтүстік Африканың батыс жағындагы
Марокко, сонымен бірге Үндістан (Индия), Ауғанстан, Пəкстан, Иран, Сауд
Аравиясы, Біріккен Араб əмірліктері, Ирак, Йемен, Египет, Корея, Қытай, Вьетнам,
Бирма, Непал, Бангладеш жəне т.б. елдерді айтамыз. Кіші Азиядағы Түркия,
Əзірбайжан, Татарстан, Өзбекстан, Түркменстан жəне т.б. шығыс елдері қатарында
атала алады.
Достарыңызбен бөлісу: