Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№ 16 Дəріс. ХХ ғасырдағы əдебиет пен мəдениет. Реализм



Pdf көрінісі
бет70/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№ 16 Дəріс. ХХ ғасырдағы əдебиет пен мəдениет. Реализм. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
ХХ ғасыр əдебиетінің дəуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. 
басындағы əлемдегі тарихи-əлеуметтік жағдай. Қоғамдағы əлеуметтік өзгерістер. Бұл 
дəуір əдебиетіндегі басты əдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, 
неоромантизм жəне романтизм, декаданс, символизм, модернизм.
 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерді ХХ ғ. əлем əдебиетінің даму белестерімен 
таныстыру. 
Дəріс мазмұны: 
ХХ ғасыр əдебиетінің дəуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. басындағы əлемдегі тарихи-
əлеуметтік жағдай. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы – жаңа өтпелі кезең. 
Қоғамдағы əлеуметтік өзгерістер. Бұл дəуір əдебиетіндегі басты əдеби ағым-бағыттар 
– сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм жəне романтизм, декаданс, символизм, 
модернизм. Аталған ағым-бағыттардың болмыстық ерекшеліктері, көрнекті өкілдері. 
ХХ ғ. басындағы Франциядағы тарихи ахуал. Бұл кезеңдегі француз əдебиетінің даму 
ерекшеліктері. Огюст Конт философиясы жəне оның əдеби жəне мəдени ойдың 
дамуына тигізген əсері. Конт позитивизмі. Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның 
тарихи, тарихи-əдеби жəне эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын 
өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Гонкурлер, Шанфлери, Дюранти 
жəне т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тəжірибелік роман”). Золя 
жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, 
Анри Бергсон философияларының француз əдебиетіндегі декаданс бағытының 
таралуына тигізген əсерІ. Француз символизмі жəне модернизмі. Неміс əдебиетінің 
бұл кезеңдегі даму ерекшеліктері. Раабе, Шторм, Фонтане – ХХ ғасырдың басындағы 
неміс қаламгерлері. Неміс натурализмі. Оның екі бағыты: демократиялық бағыт жəне 
буржуазиялық бағыт. Кретцер, Поленц, Ницше шығармашылығы. Неміс əдебиетіндегі 
экспрессионизм бағытының пайда болуы жəне дамуы. Рубинер – экспрессионизм 
теоретигі. Э.Толлер шығармашылығы. Неміс əдебиетіндегі сыншыл-реализм 
бағытының дамуы. Генрих Манн творчествосы. ХХ ғасыр басындағы Англиядағы 
тарихи жағдай. Позитивизм философиясының ағылшын əдебиетіне тигізген əсері. 
Герберт Спенсер, Ницше жəне Шопенгауер философиясының таралуы. Ағылшын 
əдебиетіндегі əдеби ағым-бағыттар. Натурализм, декаданс ағымдарының ХХ ғасыр 
басындағы ағылшын əдебиетіндегі өкілдері: Джордж Гиссинг, Арнольд Беккет, 
Джордж Мур, У.Пейтор, А.Саймонс, О.Уайльд, “Сары кітап” журналы (О.Бердсли). 
неоромантизм. Даму ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет