Әдістемелік нұсқау:Үш қадамнан тұратын сұхбат.
Үш қадамнан тұратын сұхбат.
Бұл бірлесіп жұмыс жасататын құрылым, онда студенттер белгілі бір тақырып бойынша бір-бірімен сұхбаттасады. Мысалы, 3 адамнан тұратын топта, А Б-дан сұхбат алады, ол кезде С жауаптың негізгі мәнді жерлерін қағазға түсіріп отырады. Студенттер әр сұхбаттан соң кезекпен рольдерді ауыстырып отырады, әрбір студентке топта сұхбаттасуға мүмкіндік беріледі. 4 адамнан тұратын топта бұл қадамдар мына төмендегіше өрбиді: А Б-дан сұхбат алады, сол кезде С Д-дан сұхбат алып жатады. Рольдер ауыстырылып ойналып жатады және Б А-дан сұхбат алады және Д С-дан сұхбат алады.
Әрқайсысы өз әріптесінің пікірін айтады (жеткізеді). С Д-нің пікірін В-ға, В А-ның пікірін Д-ға жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |