Дәрістің мазмұны
Хундар мекендеген аумақ
Азиядағы хундар құрған мемлекет
Шығыс Еуропадағы хундар империясы
Үйсіндер құрған мемлекет
Қаңлылар құрған мемлекет
1. Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: біріншісі – Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.). Оның еңбегі «Ши-цзи» («Тарихи жазбалар») 130 бөлімнен тұрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар, Орта Азия халықтары, оғыздар, қаңлылар, үйсіндер, қырғыздар және басқалары туралы да жазыпты. Хундар туралы ол келтіретін мәліметтердің бәрі өте қысқа – үзінде түрінде.
Екінші тарихшы – Бань гу. Ол жазған еңбек «Цянь Ханьшу» («Батыс Хань мемлекетінің құжаттары») д.а. Бұл еңбек б.з.б. 206 жылдан басталып, б.з. 25 жылына дейінгі оқиғаны қамтиды.
Үшінші тарихшы – Фай Е-нің «Хоу Хань-Шу» («Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары») – жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса құнды еңбек. Бір артықшылығы – түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар «Чжоу-Шу» («Чжоу ұлысының құжаттары»), «Бэйши» («Алдыңғы ұлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде тайпалар жылнамасы»), «Тайпин хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») т.б.
Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцелиан – б.з. ІҮ ғасырындағы Рим тарихшысы. Ол б.з. І ғасырынан Ү ғасырына дейінгі хундар туралы маңызды деректер қалдырған. Оның еңбегі «Іс қимылдар» деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығарма. Ал Гот тарихшысы, б.з. Ү ғасырында өмір сүрген Иордан хундар көсемі Ругила, Аттила басқарған мемлекеттер туралы және Аттиланың Римге жорығы туралы, соғыстың жеңістері жөнінде өте бағалы мәліметтер келтірген.
«Хун» монғолдардың ежелгі халықтық атауы. Қытайлықтардың тілінде бұл сөз екі буыннан тұрған: хун – жауыз, ну – құл немесе кекшіл құл дегенді білдіреді. Хунну транскрипция бойынша сюнну деп ажыратылады. Олар ғұндар атағын Шығыс Еуропаға кірген кезде ІҮ ғасырда алған.
Хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек, б.з.б. ІІІ ғасырда хундар түрікше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, қырғыз т.б. 20-дан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Хундар өздерін әр түрлі атаған: моңғолмыз, түрікпіз, славянбыз, неміспіз, иранбыз деген және басқа да халықтарды айтқан.
Хундар түркі тайпасының арғы атасы екенін қытай тарихынан келістіре аударған жүйрік ғалымның бірі Абел Ремюза: «Хун-гун екеуі бір сөз, ескі дәуірдегі ғұндардың аты, олар тегісімен түріктер».
Достарыңызбен бөлісу: |