Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Түркеш қағанаты қай жылдары өмір сүрді?
2. Түркеш қағанатының ең алғашқы қағаны?
3. Түркеш қағанатының ұлы астанасы?
4. Түркеш қағанатының кіші астанасы?
Батыста арабтардың және оңтүстікте қытайлардың агрессиялық басқыншылығынан елді құтқарған түркештердің билеушісі?
Түркештердің әлсіреу себептері?
Дәріс №17
Тақырыптың атауы: Қарлұқ мемлекеті.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге қарлұқтар туралы жазба деректерді талдай отырып, мемлекетінің құрылу барысы, саяси тарихы туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Қарлұқтар туралы жазба деректер және олардың шығу тегі. 2. Мемлекеттің құрылуы. 3. Қарлұқтардың сыртқы саясаты. 4. Қарлұқ мемлекетінің әлсіреуі және құлауы.
ҮІІІ ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түркеш қағанатын қарлұқтар талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түркі тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан көшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы-Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.
Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер “Суй әулеті тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Ақтағ(Алтай) баурайларында мекендеген бұлақ деп аталған.
Қарлұқ тайпалары ҮІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәріне де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендеді.
Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктері кірді-бұлақ, шігіл, ташлық. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы-Қойлық қаласы.
Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал ҮІІІ ғасырдың аяғында олардың екінші бөлігі-Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мауереннахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі. ІХ ғасырдың бас кезінде қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабатар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан(қазіргі Луговой станциясы) қаласына жетеді. 812 жылы арабатар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болған.
840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енисей қырғыздарды Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданында еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғандарымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мауереннахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге мәжбүр болады.
Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашқар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, қарлұқтар мемлекеті құлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |