Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет83/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144

Дәріс №24


Тақырыптың атауы: Наймандар, керейіттер, жалайырлар.

Дәрістің мақсаты:Студенттерді найман, керейт, жалайыр ұлысының территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы теориялық біліммен қаруландыру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Наймандар, керейіттер, жалайырларда мемлекеттің құрылуы және олардың Шығыс Түркістанның саяси өміріндегі орны. 2. Шыңғыс-хан империясының құрамындағы наймандар мен керейіттер.

ХІІғ. наймандардың керейлермен және меркіттермен одағы Орталық Азиядағы ірі саяси бірлестіктің бірі болды. Наймандардың пайда болуы және ертедегі тарихы жайлы мәселе өте күрделі. Бір ғалымдар оларды монғол тілдес десе, екіншілері-түркі тілдес халық деп есептейді. “Найман” сөзі монғолша “сегіз” деген ұғымды береді, ал найман одағына енген тайпалардың саны да сегіз болған. Ежелгі түркі жазуларында айтылатын “сегіз оғыз” тайпасы ҮІІІғ. Орхон өзенінен Ертістің жоғарғы ағысына дейінгі жерді мекендеген. Батыс Монғолиядағы осы аймақта кейіннен наймандар өмір сүрді. Наймандардың батыстағы көршісі қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде-Енисей қырғыздары, оңтүстікте-ұйғырлар болса, шығысында-Шығыс Монғолияны мекендеген керейлермен шектесті.

Керейлер туралы ең алғашқы жазба деректер Хғ. кездеседі. Керейлер этникалық одағы түркі тілдес және монғол тілдес тайпалардан құралған. Керейлер батысында-наймандармен, солтүстігінде-меркіттермен, шығысында-татарлармен, оңтүстігінде-танғұттармен көрші тұрды. Керейлер басшысының екі астанасы болған. Солтүстік астана Орхон өзеніндегі Қатынбалық қаласында, ал оңтүстіктегісі Хуанхэ өзенінің иірімінде орналасты. 1007ж. керейлер мен наймандар несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады.

ХІІғ. аяғында ішкі талас-тартыстың нәтижесінде монғол ақсүйектерінің арасынан Темучиннің атағы шырқап шыға бастады: ол татарларды жеңіп, 1203ж. керейлерді, бір жылдан кейін наймандарды өзіне бағындырды. Жеңілген найман тайпалары Күшілік ханның басшылығымен Алтайға, Қара Ертіс алабына көшіп барып, сол жерді бұрыннан мекендейтін найман, керей топтарына қосылды. Күшілік хан қарақытайлар билеушісінің сеніміне кіріп, шашыраңқы наймандарды топтастырып, 1211ж. Жетісудағы билікті тартып алды. Ал 1218ж. ол монғолдардан жеңіліс тауып, Бадахшанға қашады да, ұзамай Сарыкөл деген жерде монғолдар қолынан қаза табады.

Жалайырлар-қазақтың ұлы жүзінен тарайтын тоғыз арыс елдің бірі.

Көне жазбалар бойынша, жалайырдың арғы атасы мерке, одан-шуанақ пен сырманақ, бұл ағайынды екі рудың бірі Сырдарияның, екіншісі Шу мен Таластың бойын мекендеген. “Манақ” атауы алғаш рет Хғ. “Хұдұд әл-ғаламда” кездеседі. Жалайыр тарихы жайында ғалымдардың негізіг сүйенетін еңбегі -Қадырғали Жалайыридың “Жамих ат-тауарих”.

Шыңғысхан монғолдар арасындағы тайпаларды бағындырған кезде жалайырлар Шыңғысханға бағынып, оның әскери күшіне айналды. Шыңғысханның Орта Азияға және Иранға жасаған жорықтарында армия қатарына көптеген жалайырлар қатынасқан және армияда жалайыр тайпасынан шыққан әйгілі қолбасылар болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет