Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. М.Қозыбаев Қазақстан тарихын неше кезеңге бөліп қарастырады?
2. Қай жылы Ұлттық тарих жылы деп аталды?
3.Қазақстан тарихының өзекті мәселелері?
4.Отан тарихы алдында тұрған екі міндет?
Дәріс №3
Тақырыптың атауы: Қазақстанның ежелгі дәуірінің археологиялық және жазба деректері.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге Қазақстанның көне дәуіріне байланысты әр кезеңнің археологиялық зерттеулерінің нәтижелері, маңызы туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Қазақстанның көне тарихын зерттеуге арналған ХІІІғ. археологиялық зерттеулер. 2. ХІХғ. І жартысындағы археологиялық зерттеулер. 3. 1917ж. революциядан кейінгі археологиялық экспедициялар нәтижелері. 4. 60-80жж. археологиялық экспедициялардың қорытындылары.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға , оларды суреттеу мен жинаға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды роль атқарады. Осы әрекеттер нәтижесінде 1707ж. Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған “Сібірдің сызба кітабы” жарық көрді. Онда географиялық деректермен қатар қазақ даласының археологиялық есекрткіштері туралы мәліметтер де келтірілген. Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733ж. Сібірге академик Г.Ф.Миллердің басқаруымен жасалған І-ші академиялық экспедицияның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л.Делаклоер, И.Фишер, геодезистер А.Красильников, А.Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген еді.
1768-1774жж. Еділ бойының, Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этонграфиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған ІІ-ші академиялық экпедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.Г.Георги, П.И.Рычков, Х.Барданес қатысты.
ХІХғ. І-ші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтар, кен инженерлері жол-жөнекей көненің көздеріне де назар аударып, оларды сипаттап жазып отырды, сөйтіп бұл аудандардың ескерткітері туралы мәліметтер қорын молайта түсті.
ХХғ. орта шеніне қарай негізіне Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды.
1862ж. Қазақстанда В.В.Радлов археологиялық жұмыстар жүргізе бастады, қола ғасыр көнбелерін алғаш рет ғылыми негізде қазу жұмыстарын жүргізу ісі соның есімімен байланысты. В.В.Радлов Солтүстік-шығыс Қазақстан мен Сібірдің ертедегі ескерткіштерін топтауды және кезең-кезеңге бөлуді ұсынды. Бұл аудандар мәдениетінің тарихын ол мыс және қола ғасыры, ертедегі темір ғасыры, жаңа темір ғасыры және ертедегі ортағасырлар кезеңдеріне бөлді. Бұл ғалымның еңбектері Қазақстан археологиялсының ілгері басқан үлкен қадамы болып оны дамыта түсті.
1867ж. археологиялық комиссияның тапсыруымен орыстың белгілі шығыстанушысы П.И.Лерх Түркістан өлкесін зерттеді. Ол Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларын орындарын қарап шықты. Талас алқабының бірқатар қалаларының орындарында болып, Жанкент қаласының орнын қазды. Ол өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият сипаттаумен қоса олар туралы жазбаша хабарлады, іріктеп, осы үзінділерге талдау жасады және түсініктеме берді.
1893-1894жж. В.В.Бартольдтің осы аймаққа іс-сапармен келуі, археологиялық мен шығыстану ісін дамытуда зор рөл атқарған уақиға болды. Ол Шу және Талас алқабының, Ыстықкөл ойпаты мен Іле өзені алқабының ескерткіштерін көріп шықты. Ол жазған “Ғылыми мақсатпен Орта Азияға сапар туралы есеп” осы кезге дейін тарихи ақпарттың үлгісі болып қалып отыр. Көптеген жазбаша деректемелерге сүйене отырып В.В.Бартольд зерттеген ауданының топографиялық көрінісін суреттеп, археологиялық жағынан болашағы зор есекрткіштерді анықтады және оларды ортағасырдағы белгілі қалалармен салыстырды. Атап айтқанда ол Таразды, Әулиеата(Жамбыл) орынында деп белгіледі.
ХХғ. басында құрылған Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Семей және Орынбор бөлімдері, Орынбор ғылыми архив комиссиясы, Орталық Солтүстік-шығыс Қазақстанды археологиялық зерттеу ісінде елеулі рөл атқарды. Соның нәтижеснде ХІХ-ХХғғ. басында нақтылы, мол материал жинақталып, ол кейбір дәрежеде жүйеге келтірілді.
1917ж. революциядан кейінгі археологиялық зерттеулер жалғастырылды, бірақ олар енді мемлекеттік негізде жүргізілді. 1919ж. Материалдық мәдениет тарихы академиясы, ал 1920ж. Мұражайлар және өнер, табиғат, көне ескерткіштерді қорғау істері жөніндегі Түркістан комитеті құрылды. В.В.Бартольдтің ұсыныс бойынша, комитеттің ең таяудағы міндеті археологиялық карта жасау болды. Сөйтіп ежелгі ескерткіштерді есепке алудың, зерттеудің, сақтаудың негізі қаланды.
Революциядан кейінгі алғашқы жылдардағы еңбектер ішінде археологтар П.П.Ивановтың Сайрамда және В.Д.Городецкийдің Жетісуда, Қазақстанның оңтүстігінде жүргізген зерттеулері, Орта Азияның ертедегі тарихын ең ірі зерттеуші М.Е.Массонның Сайрам қала жұртына және Түркістандағы Ахмет Иассауи кесенесіне арналған мақалалар бар. Батыс Қазақстанда 1926ж. М.П.Грязновтың І Киргильд пен ІІ Киргильд қабірлерін, Орал сайды, Құнанбай сайды ашып, қазба жұмыстарын жүргізуі бай материал берді және андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге ғана деп орныққан пікірді өзгертті.
1946ж. Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуына байланысты археологиялық жұмыстардың көпшілігін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының археология бөлімі жүргізді. Сол кезден бастап археологиялық зерттеулер ауыртпалығының орталығы Алматыға ауысады, Қазақ археология мектебі қалыптасады.
Құрылған бөлімнің алғаш ұйымдастырған археологиялық экспедициясы Орталық Қазақстан экспедициясы облды, оны сол кезде академик Ә.Х.Марғұлан басқарды.
Экспедиция неолит және энеолит дәуірлерінің тұрақтарын, андронов және дәндібай-беғазы мәдениеттерінің қоныстары мен зираттарын, б.з.б. ҮІІ-Іғғ. Жерлеу ғимараттарын, түрік заманы қорғандарын, ортағасырлық қалалар мен қоныстарды тауып, зерттеді.
Соғыстан кейінгі екінші экспедиция-А.НБернштам мен Е.И.Агеева басқарған Оңтүстік Қазақстан экспедициясы. Оның жұмысының қорытындысы Отырар оазисіндегі, Шу-Талас өзендерінің аралығындағы, Қаратаудың солтүстік беткеіндегі, Сырдария алқабындағы қалалар мен қоныстар орныдарының үлкен тобын зерттеу, картаға түсіту болды.
1945ж. бастап, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясымен қатар дерлік КСРО Ғылым академиясының С.П.Толстов басшылық еткен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Қызылорда облысында археологиялық зерттеу ісін жүргізді.
1947ж. С.С.Черников басшылығымен Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыс істей бастады. Экспедицияның мақсаты Өскемен мен Бұқтырма су электр станцияларының суы астында қалатын аймақта орналасқан ескерткіштерді анықтап, зерттеу болған. Мұнда неолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі көптеген ескерткіштер анықталып, Шығыс Қазақстанның тарихи өткендегісін сипаттайтын материал алынды.
60-жылдардың орта шенінде Қазақстан нумизматикасы дами бастайды. Отырарды, Құйрықтөбені қазу кезінде көптеген тенге материалы жинақталды. Соның қорытындысында Қазақстанда Отырарда, Испиджабта, Түркістанда, Жентте, Сығанақта, Таразда тенге сарайыларының жұмыс істегені анықталды. Экспедиция жұмысының қорытындылары бойынша бірнеше монография жарияланды.
Екінші кезеңдегі археологиялық жұмыстардың қорытындысы бес томдық “Қазақ ССР тарихының” екі томының шығарылуы болды, онда археологиялық деректемелерге талдау жасалып, ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихи үрдісі көрсетілді.
Қазақ археологиясы тарихының жаңа зерттеу кезеңі 80-жылдардан басталды. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қола және ерте темір дәуіріндегі палеоэкономикасы бойынша мал шаруашылығы, кен ісі және ертедегі металлургия, қыш өндірісі жөніндегі материалдарға талдау жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |