Семинар сабағы Такырыбы: Мемлекет және құқық негіздері


Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі72,5 Kb.
#120405
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
1 апта Айтқұл Қайсар смс 20-10

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

  1. Құқықшығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

  2. Санкциялау жолы арқылы ; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды(әдет-ғұрып,корпоративтік нормалар) қолдап , оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма , міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6) Діни мәтіндер – бұлар , әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен , бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері , өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап . Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет