ОСЫДАН КЕЙІН 1 ТОП (ЗЕРЕ, АРУЖАН, ГҮЛЕРКЕ, НҰРДАУЛЕТ) ОСЫ ОЙЫНДАР ТУРАЛЫ ЖИНАҒАН МӘЛІМЕТТЕРІН ҚОРҒАЙДЫ
7 слайд. Мектеп жасындағы балалардың психикасына әсер ететін бірден бір құрал – компьютерлік ойындар екені мәлім. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі — атыс-шабыс, төбелес. Бұл алдымен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал, ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Бұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, бұндай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды. «Worldcraft», «GTA», «Counter-Strike», «Worls of Tanks» секілді ойындар балалардың қызығушылығын тудырғаны рас. Алайда, аталмыш ойындарға әуес болып өскен бала виртуалды әлемнің құлына айналып, реалды өмірден алыстап, виртуалды достар тауып, «жалған өмір сүріп жүреді». Ғаламтордағы, сайтттардағы аталмыш ойындардың жарнамасының өзі баланың қызығушылығын оятып, осы ойындарға тәуелді етеді. Ақпарат сауаттылығына қол жеткізу үшін, ең алдымен, сайттардағы жарнама мәселесін де қолға алған жөн екені байқалады.