Семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі адамдардың мәдениеті


-апта. 11-семинар. 1 сағат. 1 б. 11-семинар сабағының тақырыбы



бет13/17
Дата04.11.2022
өлшемі57,04 Kb.
#156523
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

11-апта. 11-семинар. 1 сағат. 1 б.
11-семинар сабағының тақырыбы: Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.


Семинар сабағының жоспары:
1. Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі билігінің күшеюі.
2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
3. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
4. Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
Сабақтың мақсаты: Тоталитарлық режимнің қалыптасу жылдарындағы Кеңес үкіметінің саясатының мәні мен мазмұнын жаңа архив материалдары негізінде ашу. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңес өкіметі жүргізген әкімшіл-әміршіл бағыттағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты талдау. Жаңа тарихи зерттеулер негізінде студент Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО-ның сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын ашу. Соғыс аумағындағы аудандардан Қазақстанға халық, өндіріс кәсіпорындары мен техниканы эвакуациялау мәселерін талдау. Республика өмірін әскери негізде қайта құру мәселені қарастыру. Қазақстандықтардың соғыстағы ірі шайқастарға қатысуы туралы зерттеулермен танысу. Қазақстанға саяси сенімсіздер ретінде жер аударылған жекелеген ұлттар (немістер, түрік-месхеттер, шешендер, қарашайлар мен т.б.).
Методикалық нұсқаулар: Студент деректер мен зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің мәнін ашады. Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясы мен ұжымдастыру идеясының мәнін ашады. Қазақ зиялыларының еңбектеріне сүйене отырып, олардың индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары мен теориялық пікірталастарына талдау жасайды. Мәдени дамудың қарама-қайшылықтарын анықтау үшін архив құжаттары мен материалдарды пайдаланады. Қазақстанды майдан арсеналы ретінде сипаттаңыз. Эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелерді Қазақстанға қабылдау мәселелерін ашу. Тыл еңбеккерлерінің ерлігін талдаңыз. Соғыс уақытындағы экономикада жаңа өндіріс салаларының пайда болуын анықтау. Соғыс жылдарындағы тоталитарлық жүйенің құрылымын көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет