1.8.2. 8-15 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:
1. Мәтіннің мүшелену (бөлшектену) категориясы деген не?
Көлемдік-прагматикалық тұрғыда мүшелену деген не?
Макро және микромәтіндер туралы не білесің?
Контекстік-вариативтік мүшелену деген не?
5. Мәтін тақырыбы және оның аяқталу белгісін қалай түсінесіз?
6. Аяқталмаған мәтіндер туралы не білесіз?.
7. Тақырып – мәтін мазмұнын топтастыратын мәндік ядро дегенді түсіндіріңіз.
8. Күрделі фразалық тұтасым деген не?
9. Абзац деген не?
10. Күрделі фразалық тұтасымның басты белгілері қандай?
11. Күрделі фразалық тұтасым құрамындағы сөйлемдердің байласымын жүзеге асыратын тілдік амал-тәсілдерге нелер жатады?
12. Есімдік, шылау, қыстырма, үстеу, етістіктің бірыңғай шақ тұлғасы, синтаксистік паралельділік, жалғау т.б. мәтіндегі қызметі қандай?
13. Тізбекті байланысқан күрделі фразалық тұтасымдар құрамындағы сөйлемдер қалай байланысады?
14. Жарыспалы байланысқан күрделі фразалық тұтасымдар, олардың ерекшелігі қандай?
15. Тізбекті және жарыспалы байланысқан күрделі фразалық тұтасымдардағы тема-ремалық қатынастар деген не?
16. Күрделі фразалық тұтасымдағы сөйлемдер байланысының қандай түрлері бар?
17. Сөйлемдердің іргелесе әрі алшақ тұрып байланысуы деген не?
18. Күрделі фразалық тұтасымның композициялық құрылымына не жатады?
19. Күрделі фразалық тұтасымның бастауы немесе аңдату бөлігінің ерекшелігі қандай?
20. Күрделі фразалық тұтасымның дамытылатын бөлігі немесе мазмұндауы деген не?
21. Күрделі фразалық тұтасымның қорытуы деген не?
22. Күрделі фразалық тұтасымды ұйымдастыруда олардың әр түрлі қолданылуын (аңдату, мазмұндау-қорыту; аңдату-мазмұндау; мазмұндау-қорыту) қалай түсіндіресіз?
23. Күрделі фаразалық тұтасымның бастауы, қорытуы, мазмұндауы, олардың айырмашылықтары қандай?
24. Мәтіннің баяндау тәсіліне байланысты қандай түрлері бар?
25. Әңгімелеу, суреттеу, ойталқылардың зерттелуі жөнінде не білесіз?
26. Әңгімелеу деген не?
27. Суреттеу деген не?
28 Ойталқы деген не?
29. Мәтін прагматикасы деген не?
30. Мәтінді қабылдау деген не?
31. Мәтін оқырманға қалай әсер етеді
32. Мәтін авторы мен оқушының «білімдік аясы» арасында тепе-теңдік бола ма?
33. Мәтін синтаксисінің сөйлеу мәдениетімен байланысын қалай түсіндіресіз?
Достарыңызбен бөлісу: |