Пәнді зерттеу барысында көзделетін мақсаттар мен міндеттер:
Осы оқу курсын зерттеу нәтижесінде студенттерде шарттарға қатысты туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық заңнаманың нормаларын тәжірибеде қолдана білу қабілеті қалыптасуы қажет. Шарттық қатынастардың мәні мен табиғаты, шарттардың нақты түрлері жайлы ауқымды түсініктің студенттерде қалыптасуы осы пәнді оқытудың мақсаты болып табылады. Студенттер тек, шарттардың әралуан түрлерінің барлығын біліп қана қоймай, сонымен бірге, оларды жасау механизмдерін, оңтайлы нысанын таңдауды, оған қол қоюдың тиімді уақыты мен орнының қыр-сырын жетік меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, шарттың жарамдылық мерзімі мен оның тараптарының жауаптылығы да назардан тыс қалмауы қажет.
Алға тартылатын міндеттер:
Шарттық құқықтың нормалары мен институттарын азаматтық құқықтың бір саласы ретінде зерттеу;
Шарт ұғымы мен оның азаматтық заңнамадағы орнын зерттеу. Азаматтық-құқықтық шарттардың мәмілелермен, сондай-ақ әралуан салалардағы шарттармен байланысын айқындау және оларды жіктей білу;
Рим құқығындағы, еуропалық мемлекеттердің заманауи құқығындағы міндеттемелердің туындау және шарттар мен шарттық құқықтың даму тарихын зерттеу. Міндеттемелік және шарттық құқық нормаларының ара қатынасын айқындау;
Шарттық құқық нормаларының табиғатын зерттеу. Шарттар туралы нормалардың уақыттағы, кеңістіктегі және субъектілері бойынша қолданысын зерттеу. Шарттар туралы нормалардың түсіндірілуінің маңызын зерттеу;
Жария шарттардың, қосылу шарттарының, сондай-ақ шарттардың міндетті жасалуының ерекшеліктерін зерттеу;
Шарт ережелері ұғымын, шарт нысанын және оның мемлекеттік тіркелуін талдау. Шарттардың жіктелуін, сондай-ақ шарттық нысандарды айқындау;
Шарт тараптарының құқықтық мәртебесін айқындау және зерттеу. Шарт пен үшінші тұлғалардың ара қатынасын айқындау.
Шарттық жауаптылықтың нысандарын, негіздерін және жалпы ережелерін сондай-ақ олардың тәжірибеде қолданылуын зерттеу.
Дәрістердің тақырыптық жоспары ( күндізгі оқу нысаны)
Достарыңызбен бөлісу: |