Семинар сабақтың тақырыбы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата18.11.2022
өлшемі1,88 Mb.
#158823
түріСеминар
1   2
Байланысты:
Мәдени мұра Pdf

тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық
заңдылықтарға
бағынып,
қозғалыс
шеңберінен
шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы,
тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру
табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір
бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат
құбылыстарына тәуелді болып қалады.


Көшпенділер жол серігі
Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті
игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең
алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше
бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам
еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру
ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі
бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару
жүйелерін
жасаумен,
жазудың
ашылуымен,
этностардың пайда
болуымен
қатар
жылқыны
пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды.



Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен
бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл
әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік
берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда
зорлық-зомбылық
арқылы
жүзеге
асқанын
ұмытпаған да жөн.

Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен
оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе
керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам
шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық
Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының
оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға
енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны
жаулап алғанын көрсетеді.


Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр
мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған
сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-
ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық
сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты
пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден
келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос
мүйізді
Ескендір",
"Көк
төбет",
"Көк
бөрі",
"Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл
бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар.
Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен
қосарланып жүреді.
Көшпенділер мәдениетінің музыка тарихы


Екінші кезең — оғыз-қыпшақ
күйлері
(VI—XII
ғасырларда).
Бұған Қорқыттың күйлері —
"Қорқыт",
"Тарғыл
тана",
"Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір
аты белгісіз сазгерлердің "Абыз
толғауы",
"Саймақтың
сары
өзені", "Айрауықтың ащы зары", т.
б. күйлер жатады.


Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары
(XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және
әуенмен
айтылатын
батырлық,
ғашықтық

"Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар
батыр", "Ер
Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры",
"Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы
заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған,
Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге
келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын
шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені
"Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық
атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ
ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының
музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның
жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар
күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның
"Сағыныш" сияқты күйлері жатады.


Бесінші
кезең

XVIII—XIX
ғасырларда
және
XX
ғасырдың
басында
туған
музыкалық
мұраларымыз.
Оған:
Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек
сияқты күйшілер күйлерін, Біржан
сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди,
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай,
Майра, Кенен Әзірбаев, Жамбыл, т.б.
әндерін жатқызуға болады.


Қорытынды
Қорытындылай келе айтарым, кеңпейілділік, кешірімділік, досқа адалдық, өзара адами түсіністік қарым-қатынастар көп қырлы сипатымен
адамдардың өздерін өз өмірлерін бағалай білуге жетелейді. Асан қайғының ойынша, адамның қоғамдағы орны оның атқаратын іс-әрекеттерінің адамшылық
арнадан көрінуі және адамдардың бірін-бірі бағалай білуіне байланысты. Әсіресе дау-дамайдан, жанжал, ұрыс-керістерден өздерін сақтауы тиіс. Адамның
қадірлі болуының негізі – сол адамның мінез-құлықтарынан туындайды. Адам өз-өзін тежеп, сабырлы ұстауы оның беделін арттырады. Философиялық ой
ағымымен айтсақ, адамның бағалы не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты. Ол өзі ғана осы қасиетке ие бола алады немесе бола алмайды. Асан
толғауының негізінде қайырымдылық рухы жатыр. Зұлымдықтан, жамандықтан, адам беделін түсіретін әрекеттерден сақтандыру, бұл орайда маңызды сатылар,
тек қайырымдылық арқасында жағымсыз құбылыстарды тудырмау немесе болдырмау Асанның болмысындағы әділеттіліктен бастау алады. Асан тыйым салып
отырған әрекеттердің адамға тигізер зияны көп. Біріншіден, Асанның өзін ұстай білуге үндеуі коммуникацияда адамның қадірін арттырып, оның бағалы
жақтарына баулиды. Бұл дегеніміз адамның бағасын білдіреді, мойындатады, яғни коммуникацияға қажетті қасиеттердің сапалы болуын көздейді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Мәдениеттану: Оқулық, ұжымдық монография – Алматы: Лантар
Трейд, 2019. ISBN 978-601-250-155-1. – 416 б. 
2. Жолдубаева А.К. Культурология: практикум. - Алматы Қазақ
университеті, 2014.
3. Жа¬һан¬дану және Қа¬зақ¬станның заманауи мәде¬ниеті: ұжымдық
монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. –334 б. ISBN 978-601-
04
4. Дәстүрлі және заманауи қазақ мәдениеті. Хрестоматия (Электрондық
кітап). Авторлар ұжымы. Традиционная современная культура 
Казахстана. Коллектив авторов. - Алматы: Қазақ университеті, 2018.
5. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: Оқулық (ҚР БҒМ РОӘК). –
Алматы: Эверо, 2018. – 343 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет