Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет2/40
Дата24.05.2023
өлшемі333,45 Kb.
#177617
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
1-15 апта семинар жинағы

Бақылау сұрақтары:
1.Психология термині нені білдіреді?
2.Психология ғылымы нені зерттейді? Анықтамасын беріңіз.
3.Психикалық құбылыстарды қалай жіктеуге болады?
4.Психология ғылымының салаларын атаңыз.
5.Психология ғылымының салаларына сипаттама беріңіз.
6.Қазіргі психология ғылымының негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
7.Психологияның ғылыми принциптерінің мәнін сипатта.
8.Психологияның зерттеу әдістері дегеніміз не?
9.Әрбір психологиялық әдістерге сипаттама беріңіз.
10.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын түсіндір.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1993.
2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы, «Эверо», 2005.
5. Джакупов С.М.Психология позновательной деятельности. Алматы, 1992.
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002.
7.Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.
8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992.
9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.
10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.


2 апта. Тақырыбы: Психика мен сананың дамуы.
Жоспар:
1. Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктердің дамуы (Л.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.)
2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары: тітіркенгіштік, сезгіштік, инстинкт, интеллект.
3. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.
4. Психиканың негізгі деңгейлері: сана және бейсана (И.С.Кон, А.Г.Спиркин, З.Фрейд)
5. Сана – психикалық дамудың жоғары сатысы ретінде.
6. Адам санасының дамуындағы еңбек пен тілдің маңызы.
Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.
Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы – материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның өзі - фототропизм, хемотропизм, термотропизм болып бөлінеді.
Психиканың сезімталдығының тітіркенушіліктен айырмашылықтары:
1.Сезімталдық бейнелену анализаторлар арқылы жүргізіледі, яғни денедегі әрбір сезімге, мысалы, көз, құлақ, бейімделген органдар арқылы.
2.Психиканың сезімталдығы табиғиғаттың көптеген заттары мен құбылыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді.
3. Психика сырттағы дүниенің қасиеті мен заттарын елестете алады.
4.Жақсы дамыған жануарлардың елестері сигналдық роль атқарады. Сондықтан да олардың сырттағы өзгерістерге бейімделу қабілеттері күшті болады.
5. Психикасы бар тірі жандар, тіпті төменгі сатыда тұрса да, әралуан күйініш – сүйінішті сезе алады. Мысалы, желімге жабысқан дызылдауы.
Шартты рефлекстер - өмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей емес, бірнеше бағытта болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет