Семинар Сұрақтар мен тапсырмалар: Оқушыларды алғашқы тілдік жалпылауды меңгеруге дайындықтың ерекшелігі неде?



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі25,72 Kb.
#92714
түріСеминар
1   2
Байланысты:
10 ана т3л3

Жаттығулар арқылы тіл дамыту
Оқушы қазақ тілін меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сқндықтан оқушының сөздік қорын байыту сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланыста жүргізіледі. Ал оқушы сөздерді қарым-қатынаста қолдану үшін, тілдік түлғалардың қоланылу заңдылықтарын білуі керек. Ал ол –грамматиканың мәселесі. Грамматикада сөздерді бір-біріен байланыстыру үшін қолданылатын сөз түрлендіруші қосымшалар, олардың қандай сөздердің тобына, қалай жататыны, беретін мағынасы, сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленген сөздің қандай сөз тіркесі жасайтыны, сөз тіркесінің сөйлем жасауы, сөйлемдердің бір-бірімен байланысу заңдылықтары беріледі.
Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы ғана байланысты ойды білдіруге болады. Бірақ грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол да тіл білгенге жатпайды. Сондықтан тілге үйрету тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және олардың сөйлеуде қолданылуын меңгертуге жаттықтырудан басталады. Екінші тілді үйрету ісінде оқушы тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Тілге үйрету қай тілде жаттығулардан басталады. Жаттығулар тілдік материалдардың негізінде оқушының жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі. Жаттығуларды ғылымда екіге бөледі: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары, Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің грамматкалық материалын оқушыға меңгерту. Тілдік материалдар әр тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Тілдік жаттығулар тілдік тұлғаларды дұрыс ойланбай қолдану дәрежесіне қолдануды көздейді. Тілдік жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Тілдік тұлғаларды жаттығуда алғаш қолданыстағы дайын қалпында да беруге болады. Мұндай жаттығулар тілдік тұлғаның қолданылу үлгісі ретінде, оның қолданылуына оқушының назарын аударып, көзін үйрету мақсатын көздейді. Ал тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.
Ал сөзді қосымшасыз беріп, оған тиісті қосымшаны тауып жалғау оқушыға түрлі қосымшаларды өткен соң, олардың әрқайсысын жақсы меңгергенде беріледі. Мысалы, бірнеше септік жалғауын оқығаннан кейін, оның сөйлемде қайсысын қолдануды табу ол септіктерді оқушының жақсы білуін талап етеді. Бұл нақтылы бір септікпен жұмыс істеу кезіндегі жаттығудан көрі күрделірек. Мұндай жағдайда оқушының ол септіктер туралы білімі мен оларды сөйлеуде қолданған белгілі бір тәжірибесі керек. Сөйлемдегі түсірілген сөзді тауып қосу, сөйлемді өзгерту, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту сияқты жаттығулар оқушыны сөйлеуге апарады. Бұл алғашқы жаттығулардан гөрі көп күрделі болып табылады. Мұндай жаттығулар тілдік тұлғаларды сөйлеуде қолдануға оқушы әбден машықтанып, оны түрлі жағдайға байланысты өзінше қолдана алатын кезеңде беріледі. Тілдік жаттығулар оқушыларға тілдік тұлғаларды қолдандыруға жаттықтырып, оны сөйлеуде қолдану дағдысын қалыптастырады. Ана тілінде адам ойын қалай жеткізу үшін сөздерді қалай байланыстыруды, қай қосымшаны қай сөзбен қолдануды, білдіретін ойына сөйлемнің қандай түрін, қалай құрастыруды ойланып жатпайды. Екінші тілді үйренуші оқушылар алғаш ойды қалай жеткізуді ойлайды, дайындау жаттығулары тілдік тұлғаларды қолдануды үйретіп қоймай, оны ойланбай қолданатын дәрежеге жеткізуді жүзеге асырады. Ал сөйлеу жаттығулары тілдік жаттығуларда меңгерген тілдік материалды керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алатындай болуын көздейді. Сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа дұрыс жауап беру, өзі сұрақ қоя білу, тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға аударып, тақырып бойынша шығарма жазу, жоспарланбаған, дайындалмаған тақырыптарда сөйлеу, т.б. жатады. Сөйлесу жаттығуларын орындау барысында қазақша сөйлеуге оқушылар әбден жаттығады, сөйлеу автоматты түрге көшеді. Сөйлеудің жеке адамға қатысты түрін, екі, көп адамның сөйлесуін, ауызша, жазбаша сөйлеуді оқушы сөйлеу жаттығулары арқылы меңгередің Сөйлеудәң, сөйлесудің барлық түрлерін меңгерген оқушыны қазақша тілі дамыған деуге болады.Ондай оқушылар барлық жағдайда ойын толық жеткізіп, қазақша еркін сөйлей алады.Қазақ тілінен үйренген сөздік қоры оған негіз болады. Сөйлеу жаттығуларына сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету, оқыған кітабының мазмұнын әңгімелету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, тақпақ, өлең айтуға үйрету де жатады. Бұлардың бәрі – оқушы тілін дамытудың құралы. Оқушы тілін дамыту жұмысында суреттерді қолдану пайдалы. Мазмұнды сурет класта оқушыларға сұрақ-жауап тәсілі арқылы әр оқушыға әңгімелету арқылы оның мазмұнын толық ашуға болады. Оқушылыр бірін-бірі толықтырады. Соңғы оқушыға қортынды ретінде толық әңгімелету керек. Мазмұнды суреттің толық мазмұнын жазуға болады. Мазмұнды суретпен сұрақ-жауап, ауызша толық сипаттама, жазбаша мазмұндама, шығарма сияқты түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Бұл жұмыстың қайсысы болсын оқушыны қазақша сөйлеуге жаттықтырады, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырады, тілін дамытады.
3) Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кесте, үлестірмелі қағаздар. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп , саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді. Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін (анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады. Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек? Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі. Ең алғаш қазақ тілін және әдебиетін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы , онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы, мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым- қатынас жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Асқар менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір – бірімен танысады, әңгімелеседі.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады. Мектепте қазақ тілін және әдебиетті үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Мектепте қазақ тілін әдеби шығармаларды үйрену, тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан қазақ әдебиетін, тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет