Семинар сұрақтары-9. Мелдебек Дана. Ұлттық сана және саяси идеология Тақырып аясы 1: Ұлттық сана: түсінігі мен мәні;
Тақырып аясы 2:Саяси сана және саяси идеология
Ұлтық сана сол этностың өмір сүруінің – өмірлік қуат күші, оны сақтауы мен болашағын құруының жалпы рухани-психологиялық құралы. «Күш» әрине физикалық емес, ішкі психологиялық рухани қуаттылық. Демек, өмірлік күш түріндегі ұлттық сана ұлттық рухқа айналады.
Ендеше, ұлттық сана дегеніміз – жеке тұлғалардың әрбіреуінің сол ұлттың өкілі екендігін байыпты сезіну түйсіктерінің тұтастануынан құралып, ұлттық рухқа жалғасатын жалпы ұғым және этноболмыстың өмірмәнділік тарихи тәжірибесінің жиынтығы.
Ұлттық сананың жүзеге асу құралдары мен айқындалу көрінісі: ұлттық намыс пен жігер;халқына деген сезімдік күш; ұлтжандылық сезім; тылсым қуат; топтасу мен бірігу т.б. арқылы ұлттық рух өзін өзі аша түсіп, өз мәнін қайталап, ұғымдықтан әрекетке, абстрактіліктен нақтылыққа өтеді.
2. Саяси сана деп-өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін адамдардың бұл саладаағы ісәрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен дүниеге келді. Саяси сананың негізгі қызметі-мемлекеттік билік. Және оның қызметі. Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана саяси психология және саяси идеологиялардан тұрады. Оларға тоқталсақ: 1.Қарапайым сана- күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрыптар болса, 2.Теориялық сана- теориялық тұрғыдан жинақталған жағдайлардан пайда болады. 3.Саяси психология-адамдар ұжымы мен топтар, таптардың т.б. бірлестіктердің сезімімен мінез-ғұрыптарынан пайда болады. 4.Саяси идеология саяси сананың саясаттағы құрамдас ерекше бөлігі. Саяси идеология деп- адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтамыз. Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық т.б. болып келеді. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылды. Қоғам өмірінде идеологияның 5 қызметі бар. 1.Танымдық қызметі- саяси жүйені, саяси өмірді суреттеу. 2.Бағдарламалық қызмет-негізгі түсініктер мен адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру. 3.Жұмылдыру, іске асыру қызметі-мақсат-мүдделерді анықтап, әлеуметтік топты оны іске асыруға жұмылдыру. 4.Амортизациялық қызметі-Саяси іс-әрекетті түсіну мен әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдету. 5.Бағалау қызметі- қазіргі және болашақтағы дамуға баға беру. Т.б. Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы нақтылы мақсаттардың жүзеге асырудың құралдары мен жолдары белгіленеді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдқ, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. болып бөлінеді. Саяси идеология БАҚ-де тығыз байланысты. БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға жүгінеді. Қазіргі дүниеде бақ-қа жол ашу-ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шартты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Бірақ олар мақсаты пайдалануы керек. Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады. Идеологияның негізгі түрлері туралы мағлұматтарды «глосарийден» ала аласыздар. Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі- оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.