Мақсаты: Студенттерге тәрбие әдістерін қолдану жолдарын білуді меңгерту
Тәрбие құралдары туралы түсінік.
Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану.
Талап түрлері.
Үйрету әдісін пайдалану.
Тәрбиелік істер туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау: Сабақты «Борт журналы» тәсілі арқылы қорытындылау
Өткізу формасы: Жұптық жұмыс
Бағалау критерилері: Студенттер тақырыпта баяндалатын мәселенің мәнін ашады
Әдебеттер: [1-3; 6; 13 ]
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды. Тәсіл деп жеке әсер етуді түсінсек,құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді.
Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсіл ес бірак әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау - бұл ондағы тәсілдер.. Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.
Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.
оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.
Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |