I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі
I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат».
-Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!- мұғалімдер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: «Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!
I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру.
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу.
I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 минут. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |