Семинар. Тақырыбы: Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі21,11 Kb.
#90664
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
4 семинар

4. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы


«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. Авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).
1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.


Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. 
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.Бірақ соғыс 1945 жылға дейін созылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет