Семинар тақырыбы: Бағалау жүйесінің тарихи дамуы


дарынды балалармен жұмыс істей білу



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,34 Kb.
#90869
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 семинар, срсп (1)

дарынды балалармен жұмыс істей білу. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Олар сондай- ақ бір салада қабілетті болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін.Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттерін, біліктілігін мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай туғызу мұғалімнің, ата-ананың міндеттері болып табылады. Мұндай талантты балаларды түрлі сайыстарға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатыстырып өздерінің қабілеттерін шындата түсіреді.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым:

  • оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

  • қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

  • қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

  • оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет