Қырғызстан биыл тамызда 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығын елпрезидентінің бұйрығымен атап өтпек.
Қазақстандық жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт бұл елде Қырғызстанмен салыстырғанда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көркем өнерде бейнеленуі мардымсыз екенін айтып қынжылады.
– 1916 жылғы көтерілістің бірі Қарқара көтеріліс туралы Совет Одағы кезінде Мұхтар Әуезов «Қилы заман», тәуелсіздік кезінде Бексұлтан Нұржекеұлы «Әй, дүние-ай» романын жазды. Бірақ Қарқара көтерілісінде қазақ пен қырғызға бірдей басшылық жасаған Жәмеңке Мәмбетұлының әдеби келбетін әлі күнге дейін жасай алмай жүрміз, – дейді ол.
5 сұрақ
Ресейдегі ақпан, қазан революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.Жалпы қазақ съезі және Алаш партиясы.
Жауабы:
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды.Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: «…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш» - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |