Байланысты: Семинар Тақырыбы Жеке тұлғаны дамытудың және тәрбиелеудің жас ж-emirsaba.org
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен тәрбиесі дамуы ұғымдарына сипаттама
Жеке тұлғаның дамуына негізгі үш фактор: тұқым қуалаушылық (ішкі жағдайлар санасыз орта
және тәрбие сияқты әсерлер саласы, ықпал етеді). Осы үш фактор жеке тұлғаның дамуына қалай әмер
ететіндігін, бұлар өзара қандай қарым-қатынастарда болатындығы туралы мәселенің зор ғылыми және
практикалық маңызы бар. Сондықтан осы үш фактор өзара тығыз байланыста болып, дамуға бірігіп
ықпал еткенімен, әрбір фактор мен олардың көрсетерін ықпалын жеке алып қарастырған дұрыс
(балалық тумысынан берілген табиғит фонділер.
Жеке тұлғаның дамуы биологиялық заңдылықтар арқылы да анықталады. Жеке тұлға өзін
қоршаған орта мен күрделі қарым-қатынас орнатып, сол ортаны өзгертуге араласады, өзінің өмір сүру
процесі кезінде көптеген нәрселерді шешеді. Жануарлар дүниесінің ұзақ эволюциясы нәтижесінде адам
жоғары дәрежелі нерв жүйесіне, үлкен ми сыңарлары (жарты шардың) қыртысының тым нәзік
құрылысына ие болып отыр. Осының бәрі адамды күрделі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Адам
тибиғатының зор табысы сонда, оның үлкен ми сыңарлары икемді келеді, соның нәтижесінде адамдар
күрделі байланыстар, қатынастар жасайды.
Екінші сигнал жүйесі арқылы терең топшылылаушылар, қорытындылар, жинақтаулар
жүргізіледі. Адам тибиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу қасиеттері және жеке өз
басына байланысты музикалық сезімталдығы т.б. нышандар қоры болады: көру, байқау
рецепторларының ерекше сезімталдығы, суретшілік қабілетінің негізінде болады. Ортадағы
жағдайлардың сәл өзгерістігін сезу, барлаушылық қабілеттерге негіз болады.
Ең соңында баланың табиғи фондасындағы нерв әрекеттері типінің мәні зор. Себебі ол нерв
процестерінің (қозу, тежеу т.б.) жүру ерекшеліктерін белгілейді.
Қоғамдық өмір мен іс-әрекет процестерінде табиғаттан ала келген баланың сезім органдары (түртүсті жіктеу, байқау, дыбысты есту, музикалық сезім). Қарым-қатынас процестерінде оның сөзі дамиды.
Сөз топшылау (қорытындылау) құралына айналады. Сөйлеу мәнері сөздік қарым-қатынас осының бәрі
табиғаттан алынған нышан – сана екінші сигнал жүйесі болып есептеледі. И.П.Павловтың ілімі
бойынша даму ішкі нерв жүйксінің қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі,
айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі. Тұқым қуалаушылық ұрпақтың ата-анамен биологиялық
ұқсастығы. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, қабілеттерінің дамуына қажетті
табиғи мүмкіндіктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге,
әлеуметтік жағдайға байланысты.
Жеке тұлғаның дамуында орта негізгі фактор
Орта дегеніміз адамның өмір сүретін әлеуметтік қоршауы.
Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-анасы мектеп және әлеуметтік орта ықпал етеді.
Олар қоршаған ортадан өзінің дамуына қажетті талабына, нышанына сай деректерін алады.
Бала ата-анасы мұғалімдер, отбасы мүшелері, мептептегі жолдастарымен әр салалы қатынас
орнатады. Міне осы қатынастар оның қалыптасуна шешуші роль атқарады. Мыс: ұлы жазушылардың
табиғи қабілеттерің дамуына өскен ортасы, отбасы дәстүрі, пікірлес достарынң зор ықпал тигізетіні
белгілі, бірақ ортаның өзі балаға тағдырлы түрде әсер ете алмайды. Баланың өмірі сол ортаның
талаптары мен сол ортадағы шындықпен ондағы адамдармен байланысты болады. Қорытынды:
биологиялық фактормен баланысты қоршаған ортаның арасындағы өзара тығыз байлыныстылық
болады. Өмірді мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы ғана баланың табиғаттан ала келген қасиеттері
дамытылады.