Семинар тақырыбы: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде (мемлекет ұғымы, мемлекеттік құрылыс формалары). Орындағандар: Мырзабекова Мархабат Оспан Рамазан Нұрмаханбет Азат Елмұратұлы Дәулет Тобы: 201К-химиялық инженерия «Мемлекет»



бет2/5
Дата01.11.2022
өлшемі128,79 Kb.
#155992
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-Семинар Саясаттану

Діни (теологиялық) теорияның негізін салушылар Августин (354-430жж.) мен Фома Аквинский (1225-1274жж.) болды. Олар дүниені, ондағы барлық жан-жануарларды, адамдарды, өсімдіктер әлемін құдай жаратқан. Өмірдегі барлық құбылыстар құдайдың құдіретімен пайда болады деп түсіндіреді. Мемлекет – тәңір еркінің жемісі, сондықтан да мемлекеттік билік мәңгі және мызғымас, ол діни ұйымдар мен қайраткерлерге бағынышты.

Патриархалдық теорияның негізін салушылар ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д 384-322жж.), Михайловский(1842-1904 жж.) және Фильмер ілімдері бойынша мемлекет тікелей отбасының пайда болу және өсіп дамуы нәтижесінде туындайтын табиғи дамудың өнімі болып табылады.

Отбасының басшысы сияқты мемлекет басшысы – монарх болады. Сондықтан атаның билігіне қаншалықты дәрежеде бағынатын болса, мемлекет басшысының билігіне де соншалықты бағыну міндеті жүктелген.

Келісімдік теориясы XYII-XYIII ғғ. пайда болған. Өкілдері: Г.Гроций, Дж.Локк, Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Д.Дидро, Жан-жак Руссо.

Бұл теория бойынша адамдар мемлекет қалыптасқанға дейін табиғи жағдайда өмір сүргендіктен, адамдар тағылық дәуірде қауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін өзара ымыраға келіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде ұйым құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді.

Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады деп түсіндіреді.

Психологиялық теорияның негізгі өкілдері Г.Тард және Л.И.Петражицкий.

Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі себептерін айнала қоршаған экономикалық, әлеуметтік және басқа саладан емес, адам психикасы, көңіл-күйінен іздейді, яғни бағыну қажеттігі, еліктеу, алғашқы қауымдық қоғам зиялылыларына бағынышты болуды сезіну, анықталған әрекеттердің әділеттілігін сезіну және т.б.

Күштеу теориясы батыста көп тараған теориялардың бірі. Бұл теорияның көрнекті өкілдері неміс философы және экономисі Е.Дюринг (1821-1833), Л.Гумплович (1838-1909), К.Каутский (1854-1939) және тағы басқалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет