№9 семинар тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мектептің әдістемелік қызметтің рөлі
1.Әдістемелік қызметтті ұйымдастыру формалары
2.Мұғалім портфолиосы
1.Әдістемелік қызметтті ұйымдастыру формалары
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
Әдістемелік қызметті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың барысында жаңа жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын және ұстаздар ұжымына жақын мәселелерді есепке алу керек.
Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы. Аудандық деңгейдегі мұғалімдердің мамандығын көтеру жүйесі қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы тиіс.
Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі. Жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен әдістің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші болмақ.
Әдістемелік жұмыстың кешенді сипаты. Мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты негіздерін, бірлігін сақтау керек. (жеке әдістер, дидактика, тәрбие ілімі, психология, физиология, педагогикалық әдеп және жалпы мәдениетті дамыту мәселелері бойынша).
Жүйелік, бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік, көпшілдік. Оқу жылының барысында мұғалімдерді оқу түрлерімен толық қамту, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім алу жүйесінің бөлігіне айналдыру қажет.
Әдістемелік жұмыстың шығармашылық сипаты, мұғалімдердің зор белсенділігі. Әрбір мектепте мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың өзіндік жеке жүйесін жасау, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне жағдай туғызу арқылы ынталандыру.
Әдістемелік жұмыстың нақтылығы. Мектеп пен мұғалімнің нақты ерекшеліктерін есепке алу, мұғалімдерге жекелеген амал, әдістер қолдану.
Мұғалімдердің мамандығын арттыруда әдістемелік жұмыстың басты, маңызды бағыттары. Мұғалімдердің мамандығын көтеруде және олармен жұмыс жүргізу түрлерінде маңызды бағыттар мен мәселелерді іздестіру.
Әдістемелік жұмыстың барлық бағытындағы ілім мен тәжірибенің бірлігі. Бұл – бір кезде екі қажетсіз, шектен шыққан мәселеге қарсылық: ілімнің мәні мен маңызын бағаламауға (ең алдымен – психология- педагогика) және әдістемелік жұмыстың орынсыз ілімдік тұрғыда баяндалуына, оқу-тәрбие жұмысында тәжірибе мәселелері мен ілім арасындағы алшақтыққа қарсы болу.
Әдістемелік жұмыстың икемділігі, ептілігі, тез орындалуы. Мектеп жұмысының айқын өзгеріп отыратын жағдайын есепке ала отырып, қажетті жағдайда әдістемелік жұмысты икемді және басқаша құра білу керек.
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты - жалпы мектептік, жекелей, міндеттілік пен еріктілік пен әдістемелік түрлері мен мұғалімдердің өз бетімен білім алуын саналы үйлестіру.
Әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Материалдық , рухани-психологиялық , денсаулық жағдайлар мен мамандықты көтеру үшін өздігінен жұмыс істеуіне бос уақыттың болуы.
Әдістемелік жұмыстың мазмұны шартты түрде мынадай компоненттерді:
Оқу-әдістемелік жұмыс, оның мақсаты педагогикалық тәжірибені зерделеу және меңгеру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, жас мамандарды қолдауға үйрету, қолданылатын оқыту әдістері мен әдістердің тиімділігін арттыру болып табылады.
Озық педагогикалық тәжірибе мен инновациялық технологияларды меңгеру, талдау, оларды колледждің білім беру практикасына енгізу (эксперименталды жұмыс барысында), ішкі және сыртқы пайдалану үшін баспа жұмыстарын жариялау, оқытушылық құрамның ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларын ұйымдастыру .
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын, мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру, бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу т. с. с.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді:
- Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау;
- Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
- Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер қызметі;
- Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету;
- Белгілі тақырыппен жұмыс жүргізетін шығармашылық топ құру және оның жұмысына көмек беру;
- Таңдалған тақырып бойынша теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу, өз білімін көтеруді ұйымдастыру;
- Тәжірибелі мұғалімдер және оқушылардың жұмысын көрме немесе ашық түрде өтетін іс - шаралар арқылы көрсету;
- Алынған мәліметтерді жинақтау және өңдеу (әртүрлі диагностикалық әдістер арқылы);
- Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік тарапынан көмек беру;
- Жұмыстың әр деңгейінің орындалуын қорытындылау және жаңа жұмыстарды жоспарлау;
- Мектепішілік әдістемелік жұмыс жүйесінде әртүрлі әдістемелік іс - шаралар нәтижесінде оқу - тәрбие процесіне өзгерістер енгізу;
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау, мектепте өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасау, шығармашылық орта қалыптастыру;
- Жас мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету;
Мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының құжаттар тізімі
1. Нормативтік – құқықтық және әдістемелік - нұсқаулық құжаттары (бұйрықтар, байқаулардың ережелері, әдістемелік жұмыстар бойынша нұсқау хаттар):
- педагогтардың әдістемелік бірлестік және шығармашылық топтар құру жөніндегі бұйрықтары;
- әдістемелік бірлестік және шығармашылық топ жетекшілерін тағайындау жөніндегі бұйрықтар;
- әдістемелік бірлестік, кафедра және шығармашылық топ ережелері;
- өткен жылғы атқарылған жұмыстардың сараптамасы;
- әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты таңдалған бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері;
- жылдық жұмыс жоспары, әр айға арналған әдістемелік жұмыстың жоспар – кестесі;
- мұғалімдер жайлы мәліметтер банкі: саны және сапасы бойынша (жасы, білімі, мамандығы, пәні, жалпы және педагогикалық еңбек өтілі, санаты, марапаттары)
- әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру туралы мәлімет.
- әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің аттестатциядан өту кестесі, жылдық және кешенді жоспары;
- мұғалімдердің өз білімін жетілдірудің кешенді жоспары;
- бақылау жұмыстарын өткізу, әкімшілік тарапынан тоқсанда өткізілетін бақылау жұмыстарының және мұғалімдердің ашық сабақтарының кестесі;
- әдістемелік бірлестік пен әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары;
- зерттеу және тәжірибе – эксперимент жұмыстарының бағдарламасы;
- білім сапасын бақылау үшін алынған материалдар сараптамасы (ҰБТ, МАБ, бақылау жұмыстарының мәліметі, диагностика, мониторингі, қорытынды және аралық аттестация нәтижелері);
- оқу бағдарламалары (жалпы білім беретін, тереңдетіп оқыту, пән бойынша авторлық, қолданбалы және таңдау курстарының т. б.)
- әр пән бойынша тақырыптық жоспарлау, оқу - әдістемелік, бірлестік жайлы ақпарат;
- әр бір мұғалімнің инновациялық матрицасының көлемі;
- сауалнама, сабақтарды талдау схемасы (дәрістердің типтері және түрлері, талдаудың типтері және түрлері, талдау карточкалары, өзін - өзі талдау үшін карта - схемалар)
- жас мамандармен жұмыс жоспары;
- пән апталығын (онкүндік, айлығы) өткізу жоспары, әдістемелік материалдар;
2.Дәптерлер(журналдар);
-директордың орынбасары жанындағы кеңес;
-пән мұғалімдерімен кеңес;
-сабақтарға ену;
- пән бойынша сабақтан тыс іс - шараларға ену.
2.Мұғалім портфолиосы
Портфолио деген – белгілі бір маманның орындаған жұмыстарының сәнді де мәнді етіп жасалған тізбесі.
Мысалы,
Копирайтердің (жалға мәтін жазғыш) портфолиосы – оның өзі жазған, тақырыптар немесе мәтін түрлері бойынша (коммерциялық ұсыныс, сайт контенті, слогандар) сұрыпталған мәтіндерінен тұрады.
Модельдің портфолиосы – модельдің түрлі образдардағы бейнесін көрсететін фотосуреттерінен құралады.
Веб-дизайнердің портфолиосы – ол жасаған сайттардың, баннерлердің немесе дизайнерлік өнімдерінің суреттерінен жасалады.
Фотографтың портфолиосы – оның түрлі бағыттарда (тойлар, портреттер, репортаждар) түсірген фотосуреттерінің жиынтығынан жасалады.
Бағдарламашының портфолиосы – өзі жазған CMS, скрипттер, программалардың интерфейс суреттері мен олардың жұмысын көруге болатын сілтемелерден тұрады.
Портфолиодағы жұмыстардың сапасы мен деңгейіне қарап клиенттер оны орындаушы туралы пікір қалыптастырады – мұнымен жұмыс істеуге бола ма, жоқ па. Сондықтан портфолионы жасауға өте үлкен мән беру керек.
Портфолио қалай жасалады?
1.Портфолионың бағыттарын немесе бөлімдерін белгілеп алыңыз. Мысалы, копирайтерде бұл: коммерциялық ұсыныстар, сайттарға арналған мәтіндер, нейминг, слогандар. Фотографта: репортаждық түсірілімдер, портреттер, той түсірілімдері және т.б.,
2.Әр бағыт бойынша ең жақсы жұмыстарыңыз бен орташа сапалы жобаларыңызды таңдап алыңыз. Портфолиоға әр бағыт бойынша 10-20 жұмыс қосу оптималды болады. Осының өзі сіздің кәсіби деңгейіңізді клиентке жеткілікті дәрежеде көрсетеді.
3.Портфолионы жақсылап сәндеуді ойластырыңыз. Жұмыстарыңызды ыңғайлы ретпен және көрнекі түрде орналастырыңыз.
4. Портфолионы Интернеттегі жеке сайтыңызға орналастырыңыз. Қосымша компьютеріңіз бен флешкаға да сақтап қойған жөн.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосының өзіндік ерекшеліктері бар. Кәсіби маман ретінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктерін негізгі екі бағытта көрсете алады:
Жеке өзінің тұлғалық және кәсіби маман ретіндегі іс-әрекеттері мен жетістіктері;
Оқушыларының білім мен тәрбие бағыттарындағы іс-әрекеттері мен жетістіктері.
Мұғалім портфолиосы – бұл мұғалімнің кәсіби деңгейін көрсетуші материалдарды тіркеу, жинақтау және өзінің кәсіптік қызметінің міндеттерін шешу қабілеті болып табылады.
Автопортрет – өзі туралы жалпы мәліметтер, яғни толық резюме, аты-жөні, туылған мезгілі, білімі, мамандығы, бітірген оқу орындары мен олардың дипломдары, жұмыс орны, еңбек өтілі, санаты, атақтары, отбасы, мекен-жайы, аттестация мезгілі, білімін көтеру деректері, марапаттары, байланыс деректері, басты кәсіби қағидалары;
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері:
Автопортрет – өзі туралы жалпы мәліметтер, яғни толық резюме, аты-жөні, туылған мезгілі, білімі, мамандығы, бітірген оқу орындары мен олардың дипломдары, жұмыс орны, еңбек өтілі, санаты, атақтары, отбасы, мекен-жайы, аттестация мезгілі, білімін көтеру деректері, марапаттары, байланыс деректері, басты кәсіби қағидалары;
Тікелей білім беру жұмысы - сабақтардың күнтізбелік және күнделікті жоспарлары, әдістемелік нұсқаулар мен құралдар, оқу кабинетінің құжаттары, дидактикалық материалдар;
Өз білімін көтеру – өз білімін көтеру жоспары, білімді көтеру курстары және олардың дипломдары мен сертификаттары;
Шығармашылық жұмыстар – шығармашылық бағыты мен жоспары, кәсіби-педагогикалық, АКТ бойынша, білім-тәрбие бағытында басылымдар мен сайттарға мақалалар жазу, электрондық оқу құралдарын жасау шығармашылығы;
Мұғалім мен оқушыларының жетістіктері – атақтары, марапат қағаздары, дипломдар мен сертификаттар, медальдар мен төсбелгілер;
Дарынды балалармен жұмыс – дарынды оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
Үлгермейтін оқушылармен жұмыс - үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы;
Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы – тәжірибе алмасу жоспары мен іс-шаралары;
Кейбір авторлар өздерінің электронды портфолио жөніндегі мақалаларында портфолионың бірнеше түрін бөліп көрсетеді:
Жетістіктер портфолиосы, мұнда сіздің қызметтік жетістіктеріңізді дәлелдейтін құжаттарға барынша назар аудару керек.
Презентациялық портфолио жаңа жұмыс орнына келгенде қажет. Әсіресе еңбекақы әңгімелесу қорытындысы бойынша тағайындалатын жағдайларда.
Тақырыптық портфолио. Бұл нұсқада әртүрлі қызмет саласындағы тақырыптық ерекше шығармашылық жұмыстарға баса назар аударылады.
Кешенді портфолио жоғарыда аталып өткен портфолио түрдерін біріктіреді және мектеп мұғалімінің портфолиосын таныстыруға жарамды
Мұғалімнің қандай-да бір «жетістіктер құжаттамасы» болуы керек, онда оның өмірінде болып жатқан барлық қызықты және лайықты оқиғалар көрініс табады. Мұғалімнің сайты немесе мұғалімнің портфолиосы осындай құжаттама бола алады. Портфолионың басты міндеті – өзінің кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін практикалық қызметтің барынша маңызды нәтижелерін көрсету: орындалған жобалар, олимпиадалар мен конкурстарға қатысу, педагог жүргізген зерттеулер.
Портфолио педагогтің жұмысы нәтижелерін талдауға, жалпыландыруға және жүйелеуге, өз мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауға және қиындықтар жеңу мен барынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы іс-әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Мұғалім портфолиосының тағайындалымы – бұл мәлімделген біліктілік санатына сараптама жүргізу барысында педагог жұмысының кәсібилігі мен нәтижелілігін бағалаудың әділ формасы. Портфолио мұғалімдер арасында барынша танымал бола түсті және өзінің кәсіби деңгейін жетілдіруші педагогтер үшін қажеттілігі арта түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |