Дәріскер және семинаристің аты-жөні: Бишманов К.М.
17-47
кабинет 403
е-mail: bkm58@mail.ru
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың дін саласындағы жүзеге асу мақсат, міндеттерімен, негізгі тұжырымдамаларымен, заманауи принциптерімен және модельдерімен таныстыру.
Міндеттері: Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың заңнамалыққ негіздерін және олардың дамуының негізгі кезеңдерін көрсету; Көне түрік құқығының ескерткіштерін, Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі құқықтық жүйелерінің, ислам құқығының, қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы дін мен мемлекеттің арақатынасының ерекшеліктерін көрсету; Зайырлық принципін әлемдік тәжірибе бойынша таразылау; Қазақстанның мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін саралау.
Жалпы құзыреттер: инструменталдық: кәсіби және әлеуметтік қызметте ұйымдастыру-басқару дағдыларын қолдана білу, қазақ (ана) және шет тілінде әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу;
тұлғааралық: қарсыласының ұстанымдарын түсіну және құрметтеу, даулы мәселелер бойынша ымыралы шешімдер табу қабілеті;
жүйелі: әртүрлі діни мәтіндер мен уағыздарды сыни тұрғыдан бағалау, өз бетінше ойлау, сондай-ақ тиісті қорытындылар мен тұжырымдарды сауатты шығару дағдыларын меңгеру.
Пәндік құзыреттіліктер: дін философиясының жалпы кәсіптік теориялық негіздерін, дін тарихы, дін әлеуметтануы, дін психологиясы, дін феноменологиясы, дін антропологиясы, діни философия, философия тарихы, ар-ождан бостандығы және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, жаңа діни қозғалыстар, жалпы және бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінде дінтанулық пәндерді оқыту әдістемесін білу.