Семинар XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Африка мемлекеттері



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,65 Kb.
#84190
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия африка семинар

Ү-ІХ ғасырлардағы Нубия. Қазіргі Судан республикасының территориясында Ақ Ніл мен Көк Нілдің қосылған жерінде, ежелгі герктер Нубия деп, ал египеттіктер Куш деп атаған ауданда ертеден-ақ егіншілікпен айналысатын өркениет қалыптасты. Бұл жерде Ү-ҮІІ ғасырларда бұрынғы Мероэ мемлекетінің орнында бірнеше саяси бірлестіктер құрылды. Бұл ұсақ мемлекеттердің дамуы аймақ халқтарының рухани және мәдени өміріндегі маңызды өзгерістерге байланысты болды. Ү-ҮІ ғасырларда мұнда политеизмнің (көп құдайлық) орнына христиан діні орнады.
Нубияның солтүстіктегі көршісі Египетті 618-628 жж. Сасанидтер, кейінірек – Араб халифаты басып алды. Батысы Мукурра болған христиандық мемлекеттер араб отрядтарымен күресте өз тәуелсіздіктерін сақтап қала алды. 642 жылғы шарт бойынша бұл елдер Египетке шабуыл жасамауға, мұсылмандардың сауда круендеріне кедергі келтірмеуге, арабтарға адамдар мен ат көліктерін беріп отыруға міндеттенеді. (Адамдар дегені - әскери тұтқындар мен қылмыскерлер болатын). Мұндай міндетті орындау үшін кейде ерікті қаум мүшелерін де зорлықпен арабтарға беріп отыруға тура келді. Сонымен қатар, 642 жылғы шарт Мукурраға солтүстіктен бидай, қарабидай, бұршақ, шарап, киім, кілем алып тұруды қамтамасыз етті.Бұл азық-түлік, киім мен бұйымдар абыздар мен чиновниктер, әскерилер арасында бөлінетін. Сөйтіп, олардың байи түсуіне көмектесетін.
ҮІІ ғасырда Нубияның солтүстік облыстарына арабтар қоныстана бастады. Барлық сыртқы және ішкі сауда шетелдік көпестердің, ең алдымен араб көпестерінің қолына түсті. Нубия мемлекеттерінен алтын, піл сүйегі, мүйізтұмсықтың мүйізі, жабайы аңдар мен олардың терілері, құлдар, ағаштың құнды түрлері, емдік шөптер мен смола шетке шығарылды. Ауыл шаруашылығ өнімдері де шығарылды: мақта, астық, жылқы, түйе. Нубияға әкелінетін өнімдердің негізін араб қолөнершілерінің бұйымдары құрайтын. Есеп ажырасу құралы алтын мен мата болды.
ІХ ғасырдың басында Мукурра мен оның шығыстағы көршісі Аксумның арасында соғыс басталды. Солтүстікте араб көпестері мен өсімқорлар шаруашылыққа қолайлы жерлерге орналасып алып, позицияларын нығайтты. 833 ж. Халиф-аль-Мутасим шарт орындалмаған жылдар үшін тұтқын құлдар жіберуді талап етіп, Мукуррадан Египетке баратын жолды жауып қойды. 836 ж. Мукурра елшілігі Иракқа келіп, бұрынғы қарыздардың бәрін жою (кешіру) жөнінде келісім жасады. Бірақ ол кешірім Мукурраның құлдырауын тоқтата алмады. Мукурра арабтардың Нубиялықтар жеріне қоныс аударуына қарсы тұра алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет