Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет11/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар
3-нұсқа КОМБО (1), реферат фазалар ережесі, Технотрондық архивтаржәне архив мекемелері, лабка3, лабка4
Педагогикалық қарым-қатынас оқытудың – оқу, тәрбиелік, дамытушы функциясын атқарады.
1. Оқытудың оқу функциясы былай жүзеге асырылады:
– мұғалімнің оқушымен психологиялық байланысы;
– мұғалімнің оқыту процесін оқушылардың оқу әрекетіне айналдырады;
– оқытудың қолайлы жағдайын қалыптастыру;
– оқу процесінде оқушы өзінің шығармашылық ойын айқындауы тиіс.
2. Тәрбиелік функциясы: мұғалім мен оқушының психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым-қатынас жүйесін орнату:
– оқушыға тұтасты кешенді тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіншілігі;
– оқушылар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.
3. Дамытушы функциясы: оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік-психологиялық негізін орнату:
– жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;
– жеке адамның дамуына ықпал ететін, мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;
– қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік-психологиялық факторларды меңгеру.
Мұғалімнің қызметі – таным-білім сипатында болады. Білім бере отырып мұғалім балалардың сол білімді алу үстіндегі мүмкіндіктерін зерттейді, қиындықтарды көре біліп, оны жою жолдарын іздейді. Сабаққа дайындала отырып, теориялық, әдістемелік дәрежесін арттырады. Нақ осындай жұмыс процесінде педагогтың даралық стилі және шығармашылық беті қалыптасады.
К.Д.Ушинский мектепті – қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы – мұғалім деп бағалаған.
Мұғалім іс-әрекетінің объектісі – педагогикалық процесс болып табылады. Тұтас педагогикалық процесс теориясы – мұғалімнің шеберлігін ұтымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін негіз. Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті болып танылған. Себебі, ол қабілеті мен белсенділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдеп-ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшеліктерін дамытады, ынтымақты тату, жарасымды ұжымға топтастырады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларға оқу пәнінің мазмұнынан әлеуметтік тәжірибені алуға үйрету, адамзаттың жинақтаған барлық мәдениет байлығын меңгерту болып табылады. Белгілі бір уақытқа дейін оқушы әлеуметтік тәжірибені өз бетімен меңгере алмайды, сондықтан ол «мұғалім-оқушы» жүйесінің элементі болады. Оқушы өзін-өзі бағалай алмайды және өзімен жұмыс істей алмайды, ол басқа адамдармен қатынаста болуы керек, сондықтан, бұдан басқа жүйе пайда болады.
Мұғалім «мұғалім-оқушы» жүйесін қалай басқару керек екендігін білу үшін, оның іс-әрекеті объектісін теориялық біліммен қамтамасыз ету қажет.
«Мұғалім-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы – мақсат пен нәтиженің бірлігімен, педагогикалық процестің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады.
Демек, педагогикалық процестің негізгі интегративтік сапасы деп өзара қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін ықпалын айтамыз. Ол процеске қатысушы барлық субъектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды. Тұтас педагогикалық процесте мұғалім мен оқушылардың өзара байланыстылығы олардың іс-әрекеттерімен сипатталады.
Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру және оқыту процесін басқарады. Сондықтан, мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялы шыныққандық, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім мамандығына қойылатын талаптардың бірі – оның өз тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен демократиялық, гуманитарлық, жариялылық принциптер негізінде қарым-қатынас жасау арқылы педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білуі. Мұғалімнің осындай ынтымақтастығы педагогикалық процестің тиімді болуының кепілі болып табылады. Ынтымақтастық бір-бірінің жан дүниесіне үңілетін гуманистік идея. Оның стратегиялық негізі педагогтың – оқушылардың білімге құштарлығы мен өмірге, өмірлік мүдделерін ынталандыру және оларға бағыт беру идеясы.
Педагогикалық процесті қарым-қатынас арқылы қамтамасыз ете аламыз. Қарым-қатынас жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттің ерекше формасы, ол барлық болмысты қамтиды. Қарым-қатынас жалпы қоғамның да, әрбір адамның да мәнін сипаттайды, себебі қоғамның бөлігі – қарым-қатынастағы адам. Демек, қарым-қатынас – коммуникативтік қызметті жүзеге асырады, яғни әрбір жеке индивидтің дамуы онымен қарым-қатынаста болатын басқа да индивидтердің дамуына тәуелді болады.
Оқушылардың ең жақсы қасиеттерін қалыптастыру мен айқындау үшін тұрақты микро қарым-қатынас жасау – мұғалімнің қолынан келетін, шығармашылық міндет болады. Мұғалім жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлікпен қарым-қатынас жасау керек. Баламен өте оңтайлы қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасауда педагогикалық әдеп негіздерін білу қажет.
Педагогикалық процестің даму барысындағы адамның жеке тұлғасын қалыптастыру мүмкіншіліктерін, оның қоғамға қажетті азаматтық қасиеттерін тәрбиелеуде мұғалімнің қарым-қатынастарды ұйымдастыру арқылы ықпалына байланысты болады.
Жеке тұлға – жалпы қоғамдық қатынастардың жиынтығы; ол өзін-өзі және қоршаған ортаға, адамға қатынасын түсіну нәтижесінде, өзінің «Менін» түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет