Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет13/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың, құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі.
Жаңа материалмен танысу түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал, түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты.
Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін – түйсік деп атайды.
Білімді жан-жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау – бақылау жеткіліксіз, одан әрі қорытынды жасауға тиіс, сондықтан оқушылар білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Ұғым – қарапайым және ғылыми болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым – баланың оқудан емес, өмірден көріп-білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі.
Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымның қалыптасуы өте күрделі процесс, ол оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді.
Ойлау талдау (анализ), жинақтау (синтез), дерексіздендіру (абстракция), жалпылау сияқты операциялардан тұрады. Оқушыларда ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдануға үйретеді.
Абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.
Ойдың талаптандыру мотивтері (таным іс-әрекеттері процесімен байланысты) екі топқа бөлінеді:
1) танымдық мотивтер (білімді игеру және ұғыну тәсілдеріне бағыттау, өз бетімен білім алу, оны практикада қолдану);
2) әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік таныту, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезіну) ;
Мотивтер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейінгі бекіту әртүрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады. Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері бар. Өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.с.с.
Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші – практика. Егер оқушы білімін практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанынан, жете түсінбегенінен болады. Оқу процесінде білімді практикада қолданудың екі түрі кездеседі: 1) білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану; 2) жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану.
Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.
Білім, білік, дағдыны практикада қолдану – оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық, практикалық жұмыстар, семинар, үйрету машиналар, т.б. мүмкіндік туғызады.
Таным мүмкіндігін анықтау – бақылау, талдау, салыстыру, жинақтау.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру, бағалау – бұл оқытудың кері байланыс процесі.
Оқушылардың білімін, тек сұрақ қою бойынша тексеріп бағалаумен шектелмей, олардың жетістіктеріне талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.
Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау – өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады. Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс – кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады.
Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы мен орнын білумен қатар, олардың бір-бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтан, оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол – қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет