Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-кесте. Оқушылардың оқығандығының деңгейлік сипаттамасы



бет65/103
Дата19.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#181613
түріСеминар
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Байланысты:
СЕМИНАРЛАР-1

17-кесте. Оқушылардың оқығандығының деңгейлік сипаттамасы



Оқығандық деңгейлері

Тарихи білімге қойылатын талаптар

Оқушы іс-әрекетінің түрлері

1

2

3

Фактологиялық (еске түсіру)

- терминологияны;
- ерекше фактілерді (даталар, оқиғалар, есімдер, т.б.);
- категорияларды;
- өлшемдерді, әдістерді, принциптерді, заңдарды, теорияларды, т.б. білуі тиіс

- анықтама беруі;
- атауы;
- көрсетуі;
- табуы;
- танып-білуі;
- өз сөзімен айтып беруі;
- атап шығуы;
- таңдауы керек және т.б.

Операциялық (тарихи білімді түсіну және таныс жағдайда қолдану)

- фактілерді;
- заңдарды, принциптерді, өлшемдерді, теорияларды;
- оқыған мәтінді және т.б. түсінуі тиіс;
білімін:
- түсіндіру, салыстыру үшін;
- сапалық және сандық есептерді шығаруға қолдануы керек;
- әдістерді;
- алгоритмдерді қолдануы тиіс;
- графиктер;
- диаграммалар;
- кестелер және т.б. сызуы керек

- түсіндіруі;
- салыстыруы;
- сипаттауы;
- сәйкестігін анықтауы;
- арақатынасын белгілеуі;
- анықтауы (айырмашылықты, байланысты, себептерді);
- маңызды белгілерді бөліп көрсетуі;
- есептеуі;
- сызба бойынша түсіндіруі;
- ережеге сәйкес орындауы;
- көрнекі көрсетуі;
- жалғастыруы / аяқтауы;
- қалып қойған үзінділерді орнына қоя білуі керек және т.б.

Аналитикалық (өзгерген немесе таныс емес жағдайда

- проблемаларды шешу үшін әртүрлі саладан білім алуы және пайдалануы (кіріктіруі);
- талдау, талдап қорыту, бағалау,

- проблемалық сұраққа ауызша немесе жазбаша жауап беруі;
- шығарма жазуы;
- зерттеу жүргізуі;

білімді қолдану)

құрылымдау, іс-әрекетті, экспериментті жоспарлауы керек

-гипотезаны / қорытындыны тұжырымдауы;
- өзінің немесе автордың көзқарасын негіздеуі;
- фактілерді пікірлерден, гипотезадан ажырата білуі,
- тұжырымдауы;
- ақпаратты талдауы;
- қателерді табуы;
- пікір айтуы;
- модель жасауы тиіс

Ол деңгейдің тапсырмалары оқушылар аталған тақырыпты зерделеу кезінде алуы тиіс негізгі тіректік білімдерді иеленуге мүмкіндік береді.


Екінші операциялық деңгей – оқушылардың танымдық қызметтің тәсілдері мен әдістерін қорыту мен оларды неғұрлым күрделі, бірақ үлгілік тапсырмаларды шешуге тасымалдауымен сипатталады. Екінші деңгей тапсырмалары танымдық қызығушылықтарды дамытуға, оқушылардың ойлауын дамытуға жағдайлар жасайды. Оған нұсқалылық үлгідегі дербес жұмыс сәйкес келеді. Бұл үлгідегі дербес жұмыстарда бұрынырақ зерделенген материалды жүйелеу мен реттестіруге арналған, кері байланыс міндетін атқаратын тексерушілік тапсырмалар беріледі. Білімді қайта жаңғырту тапсырмалары беріледі:

  • дереккөздің мазмұнын қысқа формада (түйіндеме), басқа қисында ауызша немесе жазбаша баяндау;

  • хронологиялық және тақырыптық кестелер жасау (Бірінші дүниежүзілік соғыстың оқиғалары; Екінші дүниежүзілік соғыстың оқиғалары; екі дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын салыстыру; Ресей мен Қазақстандағы ұжымдастыру; )

  • жоспар (қарапайым және кең көлемді), конспект, тезистер жасау; (Жоғары сыныптарда дербес жұмыс элементтері бар лекциялар пайдаланылады. Лекция барысында тезистік жоспар, конспект құрастырылады);

  • картамен жұмыс, диаграммалар мен графиктер құрастыру; (тың игеру, индустрияландыру);

  • «өтпелі» проблема бойынша фактілерді іріктеп алу мен топтау;

  • хабар, реферат дайындау (бірнеше дереккөздердің негізінде).

Үшінші аналитикалық деңгей – оқушылардың ойлаушылық іс-әрекет тәсілдерін: талдауды, қорытуды, салыстыруды, басты нәрсені бөліп көрсетуді, жалпылауды, индуктивтік және дедуктивтік қорытындылар жасау, алған білімді өздігінен таныс емес жағдаяттарда қолдана білу қабілетімен ерекшеленеді. Бұл деңгейге танымдық-іздестіру (эвристикалық) үлгісіндегі тапсырмалар сәйкес келеді. Осы деңгейде оқушының шығармашылық жеке тұлғасы қалыптаса бастайды. Жаңа шешімдерді тұрақты іздестіру, алған білімдерді қорыту мен жүйелеу оқушылар білімін неғұрлым икемді етеді, зерттелетін үдеріске деген қызығушылық және зерттеуді өздігінен жалғастыру ниетін туындатады. Шығармашылық танымдық қызмет өздігінен таңдап алынған немесе ойлап табылған тәсілдердің көмегімен жаңа білімді іздестіруді көздейді. Шығармашылық дербес жұмыстың неғұрлым кең тараған түрі танымдық, проблемалық міндеттерді шешу болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенді танымдық қызметін ынталандырып, тарихты оқуға деген қызығушылығын нығайта отырып, проблемалық міндеттер, іздестіру және шығармашылық сипаттағы үй жұмыстары түріндегі танымдық тапсырмалар берілуі керек. Тексеру объективіне мектеп оқушыларының тапсырмада ұсынылған немесе өздігінен тапқан оқу жұмысының тиімді тәсілдерін қолдану қабілеті; тарихи материалдан тұжырымдалған қорытындыны немесе негізделген өз нұсқасын, өткен тарих фактілеріне баға беру немесе көзқарасын дәлелдеуге жеткілікті, қажетті, ең басты, мәнді нәрсені іріктеп ала білу шеберлігі; тиісті түсініктермен жұмыс істей білу шеберлігі; өз жауабын қисындық реттілікпен құра білу шеберлігі түседі.
Тарих пәнін оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің тарих пәні сабақтарында педагогикалық диагностиканы ұйымдастыра білуіне байланысты. Педагогикалық диагностика – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің ажырамас бөлігі. Педагогикалық диагностиканы жүргізу барысындағы кездесетін қиындықтарды анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша мектеп мұғалімдерінің 23%-ы білім беру үдерісінің нәтижелерін бақылаудағы квалиметриялық тәсілдер жайлы ақпараттардың болмауын, 32%-ы тестілік тапсырмаларды құрастыру теориясының негізінен білімдерінің тайыздығын, 18%-ы диагностикалық іс-шараларды жобалаудағы қиындықтарды, 12%-ы педагогикалық диагностиканы жүргізу әдіс-тәсілдерін жетілдіруге деген белсенділігінің төмендігін, 15%-ы бақылау-өлшеу материалдарын құрастыру біліктерін арттыру қажеттігін айтады.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі мұғалімнің белсенді оқыту позициясының деңгейіне байланыстылығын атап көрсетуге болады. Мұғалімнің нақты мәтіннен іс-әрекет пен ойлаудың мәдени тәсілдерін көре білуі, осы тәсілдерді меңгеруді және диагностикалауды ұйымдастыру, диагностикалық қабілеттерін дамыту – кәсіби ұстанымының (позиция) шын мәнінде қалыптасуы болып табылады және оқушылардың жеке дамуы мен өздігінен білім алуына ықпал етеді.
Педагогикалық іс-әрекет құрылымында мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілетінің орны ерекше. Шешім қабылдау, жүзеге асыру және оның орындалуын қадағалау – ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асырудың негізі болып табылады. Ұйымдастырушылық қабілет мұғалімге өз тәжірибесінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық дамуы сипаттарына сәйкес оқу үдерісін тиімді құрастырып жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушылардың оқығандығының диагностикасын жоспарлау және жүзеге асыру кезінде де көрініс табады. Осыған орай зерттеу пәніне сәйкес диссертациялық жұмыстың маңызды тағы бір түсінігі – «ұйымдастыру» болып табылады. Энциклопедиялық сөздікте ұйымдастыру: 1) бүтіннің құрылымынан туындайтын автономдық және жіктеулі бөлшектерінің өзара әрекеттесуінің келісімділігі және ішкі үйлесімділігі; 2) бүтіннің бөліктерінің арасындағы байланыстарды құруға және жетілдіруге бағытталған әрекеттер мен үдерістер жиынтығы; 3) белгілі ережелер мен шараларға сәйкес әрекет ететін бір бағдарламаны және мақсатты жүзеге асыратын адамдардың бірлестігі дегеніміз қайсыбір құрылымды жасау екені белгілі. Біз ұйымдастыру түсінігіне берілген екінші анықтамаға сүйенеміз. Іс-әрекетті ұйымдастыру дегеніміз – нақты сипаттамаларын, логикалық
құрылымын және оның жүзеге асыру (уақтты құрылымдау) үдерісін анықтап тұтас жүйеге келтіру.
Педагогикадағы өлшем және модельдеу теориясының негіздері А.С.Казаринов, В.И.Михеев және т.б. еңбектерінде айтылған. Көптеген авторлардың пікірі бойынша, кез келген педагогикалық зерттеулердегі модельдің практикалық құндылығы, негізінен, өлшем объектісінің зерттелетін тарапынан барабарлығымен анықталады. Сонымен қатар модельді құру кезеңдерінде модельдеудің негізгі ұстанымдары: көрнекілігі, анықтығы және дұрыстығының қаншалықты ескерілгеніне де байланысты.
Авторлар анықтаған модель құрудың негізі қағидаларын және диссертацияның 1.2. бөлімінде анықталған педагогикалық диагностиканы іске асырудың негізгі ұстанымдары – тұтастық, мақсаттылық, жүйелілік, мазмұндылық, сабақтастық, объективтілік, тиімділікті ұстана отырып, мектеп оқушыларының тарих пәні бойынша оқығандығының диагностикасын ұйымдастырудың үдерістік моделін ұсынылады (3-сурет).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде оқушылардың тарих пәнінен оқығандығын диагностикалау үдерісіне ұйымдастырушылық ұстанымдардың негізінде сипаттама беруді жөн көрдік. Өйткені оқушылардың оқығандығы субъективті көрсеткіш және оны диагностикалауға мұғалімнің шеберлігі, әлеуметтік ортаның әсері, құрал-жабдықтардың сапасының ықпалы болатындықтан диагностиканың нәтижесі әртүрлі беймәлім сипаттарға тәуелді болады.
Жұмсақ жүйе – сыртқы әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады, ал оның салдары – әлсіз тұрақтылық болып табылады.
Қатаң жүйе – бұл, әдетте, сыртқы әсерлерге жоғары тұрақтылығымен сипатталатын, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне және авторитарлық қасиеттеріне негізделетін жүйе. Осы тұрғыдан қарастырғанда біз оқығандықты – жұмсақ, диагностиканы – қатаң жүйеге жатқызамыз. Екі жүйе арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін мақсатты-тұжырымдамалық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мазмұндық-құралдық блоктардан тұратын және олардың мазмұны ашылған, оқушылардың пән бойынша оқығандығын диагностикалауды қамтамасыз етуге бағытталған үдерістік модельді құрастырдық.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет