Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Тарих ғылымының пәні, қалыптасуы. 2. Қазақстан тарихы және оның гуманитарлық ғылымдар саласындағы орны



бет78/161
Дата06.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#36748
түріСеминар
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   161

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Тарих ғылымының пәні, қалыптасуы. 2. Қазақстан тарихы және оның гуманитарлық ғылымдар саласындағы орны.


Тарих-адамзат қоғамының дамуындағы халықтар арасындағы дүниетанымды кемелдендіретін ғылым. Дүниетаным арқылы халықтар өзара түсініседі, қатынас орнатады. Тарих өткен кезеңді суреттеумен қатар бүгінге және болашаққа қызмет жасайды. Бұл тарихтың өміртанудың, қоғамтанудың мектебі екенін көрсетеді.
Ал Отан тарихынының жағдайына келер болсақ, өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қайшылықтары мол болды. Кеңестік дәуірде ол жалпы одақтық тарих ғылымының арасында дамыды, оның құрамдас бөлігі болды. Көптеген тарихи зерттеулерге тарихи үрдісті шамадан тыс идеологияландыру, қарадүрсін-тікелей түсіну, схематизм тән еді. Тыйым салу жүйесі зерттеулердің дерекнама базасын шектеп отырды. Қоғам өмірінің барлық құбылыстары бойынша таптар мен тап күресін маркстік-лениндік тұрғыдан түсіндіруге негізделген таптық-әлеуметтік көзқарасты негіз етіп алған методолгия үстемдік етті.
Бүгінгі таңда, Қазақстан тарихы Әлем тарихының, Еуразия тарихының, Көшпелілер өркениетінің, Түркі халықтар тарихының және Орталық Азия тарихының шеңберінде қарастыру туралы ұғым қалыптасты. Қазақстан тарихы ұлттық бірлік, тәуелсіз мемлекеттілік және Отаншылдық сезімді тәрбиелеудің басты факторына айналып отыр.
Гуманитарлық білім беру ісінің мақсаты-қоғам мүшесінде сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелейтін, адам дамуындағы кемшілікті, сыңаржақтылықты жоюға және адамның ішкі мүмкіндігін ашуға әсер ететін, өмірлік құндылықты, бағдарды жүйеге келтіретін көп салалы процесс. Сондықтан гуманитарлық пәндердің бірі ретінде тарих пәні үлкен маңызға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет