ОЖСӨЖ №44
ОЖСӨЖ мазмұны: Жібек жолы Қазақстан арқылы өтеді.
1. Жібек жолы сораптарымен.
2. Сауда-саттық және тауарлар.
ОЖСӨЖ мақсаты: «Галереяға саяхат» әдісін қолдана отырып, студенттердің Жібек жолының Қазақстандағы ежелгі мемлекеттердің дамуына тигізген саяси, экономикалық - мәдени әсерін жан-жақты талдауларына жағдай туғызу.
Әдістемелік нұсқау: Галереяға саяхат.
Галереяға саяхат.
1. Студенттер бір проблеманы әртүрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде не диаграмма не кесте сызады;
2. Нәтижелер тақтаға қыстырылады;
3. Оқытушы белгі кезегімен жылжып тақтадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды;
4. Әр топ немесе оқытушы тақтадағы нәтижеге келесі топтың нәтижелеріндегі жетістіктер, кемшіліктер көрсетілген және ескертпелер берілген өз байқауларын қыстырып қояды;
5. Осы галерея саяхатынан соң, топтар нәтижелерді басқалармен салыстыра зерттейді, өз жазған нәтижелеріне басқалардың қыстырып кеткен байқауларын талқылайды.
Әдебиет:К.Байпаков, А.Нұржанов Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – А.:Қазақстан,1992.-5-44 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |